Еуропада ең қатты ластанған 10 қала

Еуропада ең қатты ластанған 10 қала
Фото: Wikipedia

Numbeo аталатын тәуелсіз статистикалық сайт Еуропада ең қатты ластанған қалалардың рейтингін жариялады. Экологтар қалалардағы түрлі факторлар (ауаның ластануы, өндіріс орындары, тұрмыстық қалдықтар, т.б.) негізінде түзіп шыққан.

Pollution Index 2018 Mid-Year рейтингінде ең қатты ластанған қалалар тізімін Македонияның Тетово қаласы бастап тұр. Ластану индексі бойынша 97,57 балл берілген.

Екінші орынға Италияның Неаполь қаласы орналасқан. Бұл қаланың ластану индексін экологтар 84,61 баллмен бағалаған. Одан кейінгі орынға Македонияның астанасы Скопье орналасқан.

Еуропада ең қатты ластанған 10 қаланың тізіміне Тирана (Албания), Турин (Италия), Бухарест (Румыния), Сараево (Босния және Герцеговина), Краков (Польша), Пловдив (Болгария) және Киев (Украина) қалалары енген.

Ал Финляндия елінің астанасы Хельсинки Еуропадағы ең таза қала саналып отыр.

Н. Үсенова