Швейцариядан 152 миллион жыл бұрынғы динозаврдың ізі табылды

Швейцариядан 152 миллион жыл бұрынғы динозаврдың ізі табылды
Фото: jura.ch

Швейцарияның Юра кантонына (әкімшілік-аумақтық жер) қарасты Куртду үстіртінен үшсаусақты динозаврдың ізі табылды. Оны бірінші болып автокөлік жолын салып жүрген мамандар байқаған.

Базель, Барселона мен Денвердің палеонтолог мамандары зерттей келе іздің 152 миллион жылдан бері сақталғанын, сол кезде Юра аймағында алып жануарлардың өмір сүргенін алға тартып отыр.

- Динозаврдың іздерінің ұзындығы 77 сантиметрдей. Бұл үшсаусақты динозаврлар іздерінің ішіндегі ең үлкені. Ізінің ұзындығына қарап, динозаврдың бойы 10-12 метр болған деген қорытынды жасауға болады, - дейді палеонтолог зерттеушілер. 

О. Сансызбай