Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Найзағай түскен ағаштан музыкалық аспап жасауға болады

Найзағай түскен ағаштан музыкалық аспап жасауға болады

Найзағай түскен ағаштан музыкалық аспап жасауға болады

Мүлде найзағай түспейтін не анда-санда ғана түсетін ағаштардың түрлері болады. Сонымен қатар, үнемі найзағай түсетін ағаштардың да түрлері бары белгілі. Ағашқа найзағайдың түсуі ағаш қабығындағы сызықтарының ұзындығымен түсіндіріледі. Әсіресе, мұндай сызықтар емен ағаштарында көп кездеседі. 

Биік ағаштар – найзағайдың нағыз нысаны. Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым. Әйткенмен кейде топ болып тұрған ағаштарға да найзағай жиі түседі.

Құрғақ ағаштар найзағай түскеннен соң, тез жанады. Адамдар бұрыннан бері ағаштардың ішінде еменге үнемі найзағайдың түсетіндігінен хабардар. Ежелгі славян халқы еменді «Перун ағашы» деп атаған. Бұл атау Перун Құдайдың атымен аталса керек. Ғалымдар мұны еменнің тамырының тым тереңде орналасқандығымен түсіндіреді. Еменнің жерге берік орналасқан тамырлары мықты болып келеді. Мықты тамырлар жердің сулы қабатына оңай жетеді. Сондықтан еменді "жай тартқыш ағаш" деп атайды. Найзағайдың түсуінен ашық далада өстетін емендер мен теректер көбірек зардап шегеді екен.

Сонымен қатар, найзағайдың шыршалар мен қарағайларда да «жұмысы жоқ» емес. Әйткенмен жаңғақты үйеңкі ағаштарына найзағай аса жолай қоймайды. Найзағайдың 100 ұруынан шамамен мынанша ағаш зардап шеге алады: емен – 54,  терек – 24, шырша – 10, қарағай – 6, бүк ағашы – 3,  жөке ағашы – 2, акация - 1.

Әйткенмен кез келген ағашты найзағай ұру қаупі барын естен шығармау керек. Жай күнгі ауа райының қуатталуы оң болса, жердікі (ондағы өсімдіктермен қосқанда) керісінше. Өсімдіктер өздерінің құрылымдарына сай түрлі электр өткізгіштікке ие болады. Еменнің осалдығы болса да, оның қылқан жапырақты ағаштар және теректермен салыстырғанда тамыры тереңге кетеді. Ағаштардың құрылымы мен тамырларының тереңге кетуіне байланысты, найзағай да ағаш таңдайтын көрінеді.

Ағаш діңін жарып шығып жататын сулар кейде ыстық ауа райының әсерінен буға айналады. Осы арқылы найзағай шақырады. Келер маусымда жарасы жазылып, тек тік сызығы ғана қалады. Ал егер найзағайдың түсуі салмақты болса, ол ағаштың өмірін ұзарта қоймайды. Найзағай түскен ағашатардың ішкі жұмысы бұрынғысына қарағанда нашарлай береді. Ағаштар өздеріне найзағайды тарту арқылы өзі көлеңке етіп тұрған үйді не адамды көп жағдайда қорғап қала алмайды. Ғимараттың қасынан отырғызылған ағаштар найзағайды тез аулай алады.

Найзағай ұрған ағаштан музыкалық аспап жасауға болады. Мұндай аспаптардың өз ерекшелігі болады.

 

0
Рейтинг: +1

Фото: 1001fact.ru
Қосылған күні: 05 сәуір 2017, 17:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.