Найзағай көп түсетін жер

Найзағай көп түсетін жер

Сізге бәлкім қызықты болар, найзағайдың қай жерге көп түсетінін білгіңіз келе ме? Онда сақтаныңыз. 

Профессор Стивен А. Нельсонның ойынша найзағай отынан болатын өлімнің 26%-ы ашық кеңістікте орын алатын көрінеді. Оның ішінде 15%-ы - ағаш астында, 12%-ы - қайықта немесе суда, 6%-ы - үлкен техника көліктерінде, 1%-ы - телефонмен сөйлесіп отырғанда. Ал қалған 35 пайызға жуық өлім күтілмеген, тосыннан болып саналады. Егер сіз үй ішінде мұржа жанында, жылытқыш батареяның қасында, электрлік құрылғылардың, теледидардың қасында немесе телефонмен сөйлесіп отырғанда найзағай ойнайтын болса, алдын ала сақтық шараларын қолданғаныңыз жөн. 

Дәлел:

Найзағай оты көбіне арқаға, басқа, иық бөліктеріне түседі.

Австралияның Квинсленд штатында найзағайдан өлу қаупі жоғары. Ал Америкада бұл көрсеткіш жағынан Флорида штаты алға шығады. 

Мәселен, Америкада жылына торнадоға, қатты борасындарға, және басқа да табиғи апаттарға қарағанда, жай отынан көз жұматын апат саны әлдеқайда көптеп саналады.

Сурет: mirfaktov.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига