30 секунды $5–5,5 миллион тұратын бейне-роликтер

30 секунды $5–5,5 миллион тұратын бейне-роликтер
Фото: www.lifehack.org

Күні кеше АҚШ-тың ең маңызды спорттық ойынының финалы өтті. Америкалық футболдың NFL Super Bowl 2017 шарасы әдеттегідей алапат ауқымымен таңқалдырды. Аталмыш шоу осымен 51-ші рет өткізіліп отыр.

Осы ойын арасында көрсетілген жарнамалық роликтер әлемдегі ең үздігі болмаса да, ең қымбаттарының қатарына жатады. Өйткені, олардың көрсетілімінің 30 секунды $5–5,5 миллион қаржыға бағаланады. Телеаудитория сарапшыларының айтуынша америкалық футболдың NFL Super Bowl шарасын 100 миллион адам тамашалайды екен. Ойынаралық жарнама роликтерінің қымбат болу себебі де осы.

Осы жолы бейне жарнамалар гендерлік және нәсілдік теңдік мәселелеріне арналды. Оған себеп – Ойынды тамашалайтын көрермендер қатарында түрлі ұлт, нәсіл, жыныс пен діни наным-сенім өкілдерінің болуы.

Audi компаниясының жарнамасында ұлдармен тең дәрежеде картингпен айналысатын қыз бала көрсетіледі. Ол өзінің бәсекелестерін басып озуға бар күшін салады. Осы кезде қыздың әкесі бала тәрбиесінде ұстанатын қағидалары туралы сөз қозғайды.

Nintendo компаниясы өз ойындарының барлық адамға арналғанын көрсетуге тырысты. Роликте Imagine Dragons тобының жаңа әні орындалды.

Skittles те беделді бәсекелестерінен қалыспады.


Coca-Cola
компаниясы 2014 жылы түсірілген ролигін ұсынды Онда Американы мекен еткен түрлі ұлт пен ұлыс, нәсіл өкілдері көрсетілген. Бейне жарнамада America the Beautiful әні әртүрлі тілде шырқалды.

А. Оралқызы