Леди Гага шоудың қандай болатынын көрсетті

Леди Гага шоудың қандай болатынын көрсетті
Фото: billboard.com

Атақты америкалық әнші Леди Гага Американың Хьюстон қаласында өткен 51-Super Bowl Ұлттық Футбол Лигасының финалдық матчында ғаламат шоу жасап, елді дүрліктірді. 

Ешкімнің ойына келе бермейтін бейнесімен, өзгеше қойылымымен жұрт назарында жүретін әнші АҚШ-тың басты спорт шарасында аспанда ілініп тұрып, жанды дауыспен ән айтқан. 

Леди Гага Super Bowl-ға жұлдызды қонақ ретінде шақырылған еді. Матч арасындағы үзілісте сахнаға шыққан Леди Гага көрерменге естен кетпес әсер сыйлады. Әлемдегі ең ықпалды әйелдердің бірі болып табылатын сахна патшайымы Poker Face, Born This Way, Telephone, Just dance сияқты хит әндерін орындаған. 

М. Оңғарова