Испанияда иесін алты күн күткен иттің әрекеті елді таңдандырды

Испанияда иесін алты күн күткен иттің әрекеті елді таңдандырды
Фото: krabov.net

"Хатико" атты иттің иесін қаншама жыл күткені туралы оқиғаны есітіп, бәлкім ол туралы көркем фильмді көрген де боларсыз. Жақында Испанияда да иесін алтын күн аурухана алдында күткен иттің әрекеті елді таңдандырды.

Ерекше оқиға Испанияның Аликанте қаласында болған. Майя атты иттің 22 жастағы иесі Сандра Иньеста ауыр сырқаттанып, ауруханаға түскен. Ал ит болса оны аурухана алдында тапжылмай алты күн күткен. Мұны көрген қызметкерлер ерекше таңданған. Тіпті, оны әкетуге келген қыздың әкесінің жетегіне де ермеген. Иесіне адал итті аурухана дәрігерлері арнайы тамақтандырып, жағдайын жасаған.

Бір қызығы, Майя да Хатико текті иттің тұқымынан (акита-ину) екен. Алты күннен кейін дәрігерлер Сандра Иньестаға аз уақыт итімен серуендеуге рұқсат беріпті.

О. Сансызбай