Иесін күткен иттің тағдыры (видео)

Иесін күткен иттің тағдыры (видео)
Фото: morning-news.bectero.com

Ит – адамның сенімді достарының бірі. Оның адалдығы жайлы айтылар әңгімелер көп. Тіпті сіздің үйіңізде де аңыз ретінде айтып жүрер бір ит туралы оқиға есіңізде болар.

Қазақта ит жеті қазынаның қатарына кіреді. Жалғыз қазақ халқы ғана емес, әлем жұртшылығы сенімінде ит адал жануарлардың бірі саналады. Оны төмендегі видеодан да көріп көзімізді жеткізе түсеміз. Қаңтар айында «youtube» желісіне жүктелген видео бүгінде 2 миллионнан асық көрілім жинаған.

Тай елінің бейнеролигінде мектеп жасындағы қыздың күнде басынан өткеретін оқиғасы мен Олиенг атты иттің адалдығы көрініс тапқан. Иесін күткен ит ақырында өзі қорқытатын қыздың сенімді досына айналады. Алайда ұзақ уақыт өтпей ит те иесінен соңынан қаза табады. Ал қыз болса итін аман қалып қалатын жан таба алмаған сәтті ұмытпай, болашақта үй жануарларын емдейтін дәрігер болуды басты мақсатына айналдырады.

Ө. Сансызбай