Британиялық азамат бір мезетте 5 мың фейерверк жақты (видео)

Британиялық азамат бір мезетте 5 мың фейерверк жақты (видео)
Фото: uchvatovsb.livejournal.com

Британиялық Кулибин Колин Фёрз адам ойына келмеген туындысымен елді таңғалдырды. Ол 5 мың шақты фейерверктен тұратын, өзі «Өлім жұлдызы» деп атау берген отшашуды құрастырған.

Бұл туынды үшін Кулибин Колин Фёрз 59 қорап фейерверкті біріктіріп, экскаватордың күрегіне орналастырып, ірі отшашу жасады.

Осылайша, британиялық азамат YouTube видеохостингінде арнасындағы жазылушылар саны 3 миллионға жеткен. Ал видеоның өзі төрт күннің ішінде 1 285 722 көрілім жинаған.

Е. Жұмабайұлы