Бұрын-соңды болмаған отшашу!

Бұрын-соңды болмаған отшашу!

Отшашудан асқан сұлулық бар ма? Аспан әлемінде атқылап жататын мыңдаған түсті оттар... Көздің жауын аларлықтай сұлулық... Көтеріңкі-көңіл күй...

Бұл қарапайым отшашулардың бейнесі. Ал сіз бұрын-соңды көріп-білмеген отшашу жуырда ғана Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Кувейт үкіметі Конституция күні қарсаңында ұйымдастырған үлкен мерекеде қарапайым халыққа арнап осындай отшашулар ұйымдастырды.

2012 жылы қараша айының оныншы жұлдызында Кувейт аспаны отқа оранды. Таңғажайып құбылысты тамашалауға жиналғандар қатарында жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелдерден келген туристер де бар.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бұл күні Кувейт астанасы Эль-Кувейттің көгінде 77282 отшашу шашыраған. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Суреттер:kulturologia.ru,delfi.ua,dezinfo.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева