Обама танго билеп таңғалдырды

Обама танго билеп таңғалдырды
Фото: ru.sputnik.kg

АҚШ көшбасшысы Барак Обама және оның жұбайы Мишель Аргентина Президенті Мурисио Макримен түскі ас кезінде танго биледі. Алғашында тангоның хас шеберлері қос елдің басшылары алдында өнер көрсеткен, би тәмам болғаннан кейін, биші ару Обаманы биге шақыруға ниет танытты. Басында қарсылық көрсеткен Барак Обама бұл ойынан тез айнып, қыздың қолын қайтармауды жөн көрген екен. Ал, Мишель Обама да осы кезде биші жігітпен жарасымды билей білді.

B. ZHAQSYMBET