Барак Обама туиттерге тіркеліп, бес сағатта 1 миллион тіркелуші жинады

Барак Обама туиттерге тіркеліп, бес сағатта 1 миллион тіркелуші жинады
Фото: twitter.com

АҚШ президенті Барак Обама туиттер әлеуметтік желісінде ресми президенттік аккаунтын ашып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ресми қызметтік аккаунт қысқа мерзім ішінде 1 миллион тіркелуші жинай алған.

Гиннес рекордтар кітабының хабарлауынша, @POTUS (Presidents of the United States) аккаунтының иегері небары бес сағатта 1 миллион тіркелуші жинаған. Айта кетсек, Обама президенттікке дейін қолданып жүрген @Barack_Obama аккаунтының қазіргі кезде 60 миллион тіркелушісі бар. @POTUS АҚШ президентінің ресми аккаунты болып саналады.

Осыған дейін мұндай рекордты белгілі Голливуд актері кіші Роберт Дауни (Тони Старк рөлін сомдаушы) 2014 жылдың 11 сәуірінде орнатқан болатын. Дауни Twitter желісінің қолданушысына айналып, 23 сағат 22 минутта 1 миллион тіркелуші жинай алған.

Ұқсас жазбалар: 

Барак Обама туылған ел қайсы?

Жаңадан табылған балыққа Барак Обаманың есімі берілді

Ж. Өрісбай