Көзілдірікті кім ойлап тапқан?

Көзілдірікті кім ойлап тапқан?
Фото: trendymen.ru

Қазіргі таңда көзілдірік тағатын адамдардың саны күн санап арта түсуде. Өйткені таңның атысы, күннің батысы компьютердің алдында отыратын жастар аз емес. Олардың көздері тез құртылатыны да бесенеден белгілі. Алайда көзілдірікті әдемілік үшін де киетіндер бар. Біз бұл жазбамызда көзілдіріктің қалай пайда болғанына, кім ойлап тапқанына тоқталып өткіміз келіп отыр. 

Ең алғаш көзілдірік Азия мен Америка елдерінде пайда болған. Оны ертеде жануарлардың сүйектерінен немесе әртүрлі ағаштардың қабықтарын алып жасаған. Ал көздің көруін жақсартатын көзілдірікті XIII ғасырда Сальвино Д'Армате деген итальян азаматы ойлап тапқан. 

Бүгін біз сіздердің назарларыңызға жүздеген жыл өтсе де сапасын жоймаған көзілдіріктерді ұсынамыз. Ол үшін бар-жоғы үш минут уақытыңызды жұмсайсыз. 

Ж. Исакаев