Көзілдірік пе, линза ма?

Көзілдірік пе, линза ма?

Қазіргі таңда көзі нашар көретін адамдар саны өсіп бара жатыр. Егер осыдан елу жыл бұрын ондай ауру әлдеқайда азырақ болған болса, ғасырлар бұрын мұндай мәселе мүлде болмаған екен. Себебі, уақыт өте келе технология дамып келе жатыр, ал олардың адамзаттың денсаулығына тигізер зияны  мол. Ол тек көзге емес, біздің құлағымызға, миымызға әсерін тигізеді. Бүгінде білім үшін де, жұмыс үшін де компьютерді басты қажеттілік деп есептеуге болады. Күні бойы оның алдында телміріп отырғанның арты көздің нашарлауына апаратыны таңғалдырмайды. Тек көзіне ерінбей жаттығулар жасап тұратын адамдардың жағдайы басқаша болады. Кейбір адамдардың көзі нашар көруі оның генеалогиясына байланысты болады. Қандай себеп болмасын, бұл мәселені шешу керек. Ең алдымен, көзге арналған жаттығулар жайлы айтып өту керек.

Негізінде, көзілдірік киетін адамдардың көзі одан сайын нашарлайтын жағдай жиі кездеседі. Оның себебі, көзілдірік кие тұра адам жан-жағына басын бұрып қарайды, оның салдары – көз мүлде қозғаусыз болады да, нашарлай береді. Ал линзаның бұл жерде өзіндік ерекшелігі бар. Линза дәл көзде орналасатындықтан, адам жан-жағына басын бұрмай-ақ, көздерімен қарайды, яғни, көз оңға-солға, жоғары-төмен қарағанның арқасында жаттығып, кейде тіпті, соның нәтижесінде жақсарып та жатады.


Зерттеушілердің айтуынша, әлемде 125 миллион адам линза тағады екен.

Линза тағатын адамдарға, ең бастысы, оны күнделікті белгіленген уақытынан артық тағып жүруге болмайды. Сондай-ақ, міндетті түрде пайдалану мерзімінен ұзақ сақтауға болмайтынын ұмытпаңыз, яғни, егер ол айлық болса, отыз күннен артық тақпағаныңыз дұрыс.

Линзаның бірнеше түрлері болады: бір күндік, бірнеше күндік, апталық, айлық, үш айлық, жарты жылдық және бір жылдық.

Біздің елімізде көбіне шетелдік “Bausch & Lomb” пен “Johnson & Johnson” ірі компанияларының линзалары сұранысқа ие. “Bausch & Lomb” компаниясы бір және үш айлық линзаларды шығарады. Ал “Johnson & Johnson” бір күндік және апталық линзаларды шығарумен айналысады. Сонымен қатар, осы компания астигматизмі бар адамдарға арнайы линза сатады. Яғни, ертеректе екі көзі екі түрлі көретін адамдар тек көзілдірік киген болса, қазіргі күнде олардың да линза тағуға мүмкіндігі бар. Көбіне адамдар үнемдеу мақсатымен үш айлық линзаны сатып алып жатады. 


Линзаны қалай күту керектігі туралы келесі материалда оқи аласыз.

Дайындаған: Фариза Әбілова

Сурет: vk.com

Ф. Абилова