Toshiba жаңа смарт-көзілдірік шығарды

Toshiba жаңа смарт-көзілдірік шығарды

Күн шығыс елінде өтіп жатқан CEATEC техно көрмесінде елдің отандық Toshiba компаниясы өзінің Toshiba Glass смарт көзілдірігінің жаңа прототипін таныстырды.

Әзірге жаңа көзілдірік жеке-дара жұмыс істей алмайды. Дегенмен оның негізгі міндеті смартфон немесе компьютердегі ақпаратты көзілдіріктің бетіне шығару, яғни көзілдіріктің дисплейі арқылы ақпаратқа қол жеткізу болып табылады.

Жапондық техно өнімдерімен айналысатын брендтің смарт көзілдірігі әзірге толық тұтынуға дайын емес. Айта кетсек, көзілдіріктің корпусында қуат жинақтағышы қондырылмаған және сымсыз іске қосылмайды. Компания басшылығы аталған кемшіліктердің барлығы жасалынатынын атап өтті. Дегенмен, нақты қашан сатылымға шығатыны туралы ақпарат берілмеді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: economictimes.indiatimes.com

Ж. Өрісбай