- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Аю мен қасқыр...
Аю мен қасқыр дос бола ала ма?
Фото:
pictoday.ru
Әрине, дос бола алады. Сөзімізді мына суреттер растайды. Финдық Ласси Раутьянен есімді фотограф қара аю мен қасқырды он күн аңдып жүрген. «Бұл қызық болып көрінер. Бірақ олар шынымен де бір-бірімен тату», — дейді ол.
Ласси оларды кешкі сегізден таңғы төртке дейін аңдып, суретке түсірген. Олар тіпті тапқан азықтарымен бөлісіп отырған. Бір-бірін қуып ойнаған. «Олардың қалай достасқаны беймәлім. Бірақ менің ойымша екеуі жастайынан жетім қалып, бірге өмір сүріп келе жатқан болуы мүмкін», — дейді фотограф.
Е. Жұмабайұлы