Аю баласының қарды алғаш көру сәті (Видео)

Аю баласының қарды алғаш көру сәті (Видео)

Ақ аюлар Арктиканың суық мекенінде өмір сүрсе де олардың балалары жылы апанда дүниеге келеді екен. Аю баласы алғаш рет апаннан тысқа шығуды ұйғарғанда ғана әппақ қардың не екенін байқап көреді.

Ақ аю баласының туылғанынан кейін оны кем дегенде бірнеше ай сыртқа шығармайды. Ал шыққан сәті кез келген тіршілік иесінің таңырқауы сынды көрінеді. Тіпті адам баласының сезімі де осындай болары анық. Төмендегі видеода сәби қуанышына бөленгендей қарға аунап, ойнап жатқан аю баласын көресіздер.

Сурет: ru.forwallpaper.com

Ж. Өрісбай