Нубия пирамидасы туралы естуіңіз бар ма?

Нубия пирамидасы туралы естуіңіз бар ма?

Пирамиданы еске алсақ болды, ойымызға бірден Мысыр елі келеді. Бірақ осы алып пирамидалардан бөлек, нубия пирамидасы туралы естуіңіз бар ма? Нубия жұрты мысырлықтардан бір кем түспес үшін Судан мемлекетіне жүздеген нубия пирамидасын салған.

Нубия пирамидасы Мысыр пирамидасынан әлдеқайда кішкентай. Оның ең ежелгісі - Керма, одан кейінгісі – Напата және ең танымалы – Мероэ пирамидасы. Жалпы Нубия территориясында 223 пирамида бар. Соған орай нубиялықтардың мысырлармен бәсекелес халық болғандығын анық аңғаруға болады. Бұл мекен әлемдегі ең ірі археологиялық аймақ болып саналады. Өкінішке орай Мероэ пирамидасы осы күндері мыжылған түрінде ғана жетіп отыр. 1834 жылы қазына іздеуші Джузеппе Ферлини қырыққа жуық нубия пирамидасын тас-талқан еткен. Ферлини оның барлығын астаң-кестеңін шығарғанына қарамастан, тек бір ғана қазынаға кенелген.  

Оқи отырыңыз: 

Мәңгі жасайтын көпір

20 метр қар бойымен өтетін жоларна

Чичен-Ица пирамидалары туралы біле жүріңіз

Тарихтағы ең ұзын адамның бойы неше метр?

Сурет: forum.skyscraperpage.com

Н. Нұрмаханұлы