Тарихтағы ең ұзын адамның бойы неше метр?

Тарихтағы ең ұзын адамның бойы неше метр?

Тарихтағы ең ұзын адам – 270 сантиметр. Бұл азаматтың есімі – Роберт Першинг Уодлоу. Ол 1918 жылы дүниеге келген. Бойы өте сирек кездесетін гепофиза ісігіне шалдыққаннан кейін қатты өсе бастаған. Салмағы 199 келіге дейін жеткен.

Бұған дейін Уодлоу жанұясында мұндай құбылыстар байқалмаған. Оның әкесінің бойы 180 сантиметр болды. Іні-қарындастарының бойлары да осы шамалас еді. Ол төрт жасқа дейін қарапайым балалар сияқты өмір сүрді. Одан кейін сырқат белгілері байқалып, 9 жасында бойы 2 метрге жеткен.

Роберт бойының ұзындығына қарамастан мектепке барып, құрбы-құрдастарымен жақсы араласты. Мектепті тәмамдаған соң заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түседі. Ол Америкада өте танымал болғандықтан, тігіншілер оған киімдерін тегін тігіп беретін болған.

Роберт 21 жасқа толған кезде денсаулығы күрт нашарлайды. Өкінішке орай, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмай, ол сол жылы дүниеден озды.

Оқи отырыңыз: 

Ақ аюлар неге солақай болады?

Мәдина Омарова. "Жол үстінде" (әңгіме)

Африка құрлығында да тау шаңғы шипажайы бар

«Жырлаймын туған елімді» байқауында жүлде алған өлеңдер

Сурет: mamlas.livejournal.com

Н. Нұрмаханұлы