Чичен-Ица пирамидалары туралы біле жүріңіз

Чичен-Ица пирамидалары туралы біле жүріңіз

Чичен-Ица VI ғасырда үндістердің Майя тайпасы құрған көне қала. Чичен-Ица пирамидалары Юкатан түбегіндегі туристердің ең көп баратын орындарының бірі. Чичен-Ица сөзінің өзі Майя тілінде «Майя тайпасының құдығы» дегенді білдіреді. Көне қалада 13 шыңырау орналасқан. Оның біреуі Жаңбыр Құдайының құрметіне құрбандық шалу үшін қызмет еткен. X ғасырда қаланы тольтек тайпасы басып алды. Ал 1194 жылы қала босап қалды. Қала тұрғындарының неліктен көшіп кеткендігі әлі күнге дейін беймәлім.

Чичен-Ица пирамидалары Юкатан түбегінде әйгілі Канкун демалыс орнынан 205 шақырым және Меридадан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Мексикаға демалуға келген барлық туристер Чичен-Ица археологиялық кешеніне келуді парыз санайды. Сондықтан бұл жерде қонақтардың қарасы көп. Көне қала мен пирамидалар ЮНЕСКО-ның қорғауында.

Сурет: voyage.org.ua 

Ж. Исакаев