- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Қытайлардың тәжірибесі әлемді...
Қытайлардың тәжірибесі әлемді дүрліктірді
Қытай ғалымдары компьютер ойындарының бала санасына зиянын тексеру мақсатында зерттеу жүргізді. Тәжірибеге 13 жастағы 5 оқушы қатысқан. Мамандар ең сорақы деген 5 ойынды іріктеп алады. Олар: GTA 4, Prototype 2, Mafia 2, Assassins creed 4, Counter Strike 1.6.
Алдымен оқушылардың жалпы реакциясы, мәселені шешу жылдамдығы және тактикалық ойлау қабілеті тексерілген. Оқушылардың оқу үлгерімі, сөйлесу мәнері мен мінез-құлықтары да толығымен зерттеледі.
Тәжірибе 2 айға созылған. Оқушылар тәулігіне 2 сағат ойын ойнап отырған.
Бір айдан кейін оқымыстылар оқушыларды қайта тексереді. Зерттеу нәтижесі ғалымдарды кәдімгідей ойландырып қойды. Себебі, оқушылардың мәселені шешу жылдамдығы, жалпы реакциясы мен тактикалық ойлауы қабілеттері жақсарған. Онымен қоса балалардың психологиясы да тексерілген. Ғалымдардың айтуынша, тек бір ғана оқушыда агрессия байқалыпты. Алайда, оның мұғалімі ол оқушы бұған дейін де сондай болған деді. Тәжірибеден соң оқушылар өз қатарластарымен жақсы араласатын болған. Бір оқушы қорқақтығынан арылса, енді бірінің мінезі ашыла түскен. Үшіншісі болса, орта ғасыр тарихы мен әдеби шығармаларға қызығушылық таныта бастаған екен.
Тәжірибе нәтижесі қаншалықты шынайы деп ойлайсыз?
Оқи отырыңыз:
Швецияда «Көбелектер алаңы» салынады
Адамның ең жоғарғы дене температурасы неше градус?
$100 миллион табысқа жеткен шоу-бизнес мысығын білесіз бе?
Леонардо Ди Каприо бір миллион АҚШ долларын қайда жұмсады?
Сурет: games
Н. Нұрмаханұлы