Адамның ең жоғарғы дене температурасы неше градус?

Адамның ең жоғарғы дене температурасы неше градус?

52 жастағы америкалық Уилли Джонс есімді азамат Гиннесс рекордтар кітабына дене қызуы ең жоғары көрсеткіш көрсеткен адам ретінде тіркелген. Дәрігерлер Джонстың дене температурасын ауруханада өлшеген кезде 46,7°С болған. Бұл рекорд 1980 жылы 10 шілде күні ресми түрде тіркелген.

Дәрігерлердің айтуынша, Джонс күннің ыстығына шыдай алмағандықтан, оны ыстық шалған көрінеді. Әдетте, адамның дене температурасы 41°С-тан асқан жағдайда гиперпиретикалық халге ұшырайды екен. Яғни халы өте мүшкіл деген сөз. Алайда Джонс ауруханаға дер кезінде жетіп, 24 күн бойы ем қабылдаған. Соның арқасында толығымен жазылып шыққан.

Оқи отырыңыз: 

Ғарыштан планетамыздың түнгі көрінісі

Арал-көпір туралы бұрын-соңды естідіңіз бе?

Жер бетіндегі ең ыстық нүктелерді білесіздер ме?

Суретші өмірінің 10 жылын үңгір қашауға жұмсады

Сурет: www.torange

Н. Нұрмаханұлы