Леонардо Ди Каприо бір миллион АҚШ долларын қайда жұмсады?

Леонардо Ди Каприо бір миллион АҚШ долларын қайда жұмсады?

Американың Майами қаласы өзінің ғажайып жағажайымен ғана емес, мәдени шараларымен де Голливудтың танымал жұлдыздарын қатты қызықтырады.

Аrt Basel Maiami Beach атты атақты заманауи өнер жәрмеңкесіне әлемге әйгілі жұлдыздар ондаған жекеменшік аппақ лайнермен келді. Бұл жәрмеңкеде Энди Уорхол, Зигмар Польке сынды суретшілердің туындылары ілінген. Тағы бір айта кетерлік жағдай, Art Basel өнер жәрмеңкесінің ең қымбат экспонаты – 35 миллион АҚШ долларына бағаланған Александр Колдердің «Триумфальді қызыл» атты картинасы.

Заманауи жәрмеңкенің ашылу салтанатына Леонардо Ди Каприо өз досы Тоби Магуайрмен, Майкл Дуглас жары Кэтрин Зета-Джонспен, режиссер Баз Лурман, дизайнер Томми Хилфигер және P Diddy, Wiz Khalifa сынды әншілер де келген.

Леонардо Ди Каприо әлемге киномен қатар, өнерге деген сүйіспеншілігімен де танымал. Ол жәрмеңкенің алғашқы күні-ақ  Стелла Фрэнктің бір миллион АҚШ доллары тұратын картинасын сатып алыпты.  

Осындай қымбат заманауи өнер туындысын сатып алған тек Ди Каприо ғана емес, одан басқа әнші P Diddy Трейси Эминнің 95 мың АҚШ долларына бағалаған картинасын сатып алған. Осылай Голливуд жұлдыздарының заманауи өнердің жанашыры атанып жүрген жайы бар.

Сурет: mms.businesswire.com

Е. Жұмабайұлы