Гоби шөліндегі алқап

Гоби шөліндегі алқап
Фото: pinsdaddy.com

Мына қызықты бұрын-соңды көрмегеніңізге сенімдіміз. Шөл ортасында ғажайып мекен жасырынып жатыр. Нақтысын айтсақ, Гоби шөлінде әп-әдемі, тамаша алқап бар. Оның аты - Yueyaquan.

Кезінде бұл жерден бөген соғылғанды. Соның нәтижесінде осынау тамаша жердің, яғни көлінің суы тартылып, құрғап кетудің аз-ақ алдында қалып еді. Ғалымдар келіп есептегенде, судың көлемі 25 метрге дейін түсіп кеткен болатын. Бүгінде осы бір жазира алқапты су қоймасы сақтап отыр. Мемлекет басшылығы жап-жасыл желекке бөленген алқапты бастапқы күйіне қайта келтірмекші.Yueyaquan алқабы бүгінде ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы қатарында.

Л. Лига