Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Құмда жоғалған жақұт

Құмда жоғалған жақұт

Құмда жоғалған жақұт

Құм дала, шөлейт десе, баршамыздың көз алдымызға елсіз-жерсіз мекен елестейді. Алайда, сізге бұл пікіріңізді өзгертуге тура келеді. Өйткені шөлейтті мекендерде де таңғажайып ғимараттарды көруге болады екен.

Мұның дәлелі - Юта шөліндегі Амангири қонақ үйі. Амангри сөзі «бейбіт тау» деген мағынаны білдіреді. Қонақ үйге қарап отырып, тап бір сахарада байқаусызда жоғалып қалған жақұт дерсіз. Иә, дәл солай! Жоғалып қалған! Өйткені оның жобасы о баста табиғи ортаға арнап жасалынған.

Ғимарат тұрғызылған орын кезедейсоқ таңдалмаған: қонақ үйді жан-жақтан табиғи жартастар қоршап жатыр, ал туристік кешеннің терезелерінен Ұлы баспалдақ – Эскаланте ұлттық ескерткішінің керемет көрінісін тамашалауға болады.

Амангири қонақ үйі ғимараттың табиғатпен тұтасып кетуі үшін табиғи материалдардан соғылған. Көзге көрнекті көрінетін қызыл қоңыр түстер қонақ үйді таудың табиғи түсімен бірдей етіп көрсетіп тұрады. Құрылысшылар қоспаны дайындау үшін құм мен цементті пайдаланған. Сәулетшілердің ұшқыр ойларын жүзеге асыру үшін арнайы бетон зауытын ұйымдастыруға тура келген екен.

Жаңадан тұрғызылған демалыс орнына жету аса қиын емес, ғимарат Аризонаның Пейджа қаласынан 15 минут жерде орналасқан. Мұнда келген туристің көзіне ең алдымен жартастардың ортасынан орын тепкен бассейн түседі. Қонақ үйде бар болғаны 30 бөлме, сондай-ақ сурет көрмесі, кітапхана  бар.

Айтпақшы, Амангири құмда жоғалған жалғыз ғана жақұт емес, сіздерге бұған дейін Гоби шөліндегі осындай таңғажайып құрылыс туралы баяндаған болатынбыз.

Суреттер:lifeglobe.net,kulturologia.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

2553 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 қыркүйек 2012, 12:01
Пікірлер
+0
24 қыркүйек 2012, 16:05

Барғым келіп кетті, әдемі екен. Қызықты жер сияқты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...