Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Саяхат. Әлемді шарлаңыз

Саяхат. Әлемді шарлаңыз

Саяхат. Әлемді шарлаңыз

Алты құрлықты аралауды армандамайтын жан кемде-кем шығар. Әлемнің керемет мекендеріне табан тіреп, алып шаһарларды шарлау кім-кімнің болмасын ойында жүрген игі мақсаттарының бірі. Алайда, қаржы, уақыт, тіл білімі, құжат т.с.с. дүниелерге байланысты жер жүзінің түкпір-түкпірін аралау мүмкін емес дейтіндер өз жолдарына өздері тосқауыл қояды. Күдікті ойлардан арылып, үлкен саяхатқа шығуды жоспарлауды қолға алсаңыз, ой-арманыңыздың жүзеге асуына ықпал етесіз. Өз тарапымыздан, жер шарын аралау кезінде кәдеге жарар кеңестерімізді ұсынамыз.

Стратегия мен жоспар

Әуелі жер картасына бір қарап, сапар бағдарын сызып, жазып алыңыз. Алты құрлықтың бірін таңдап, сапарыңызды сол аймақтың мемлекеттерінен бастаңыз. Сапар бағдарын жасаған соң, аралайтын мемлекеттердің ауа-райы, мереке күндері, тіл білімі, маусым ерекшеліктері, саяси тұрақтылығы, жергілікті заңдары мен ережелері, ас-ауқат, көлік, пәтер бағасы, виза рәсімдеу т.с.с. туралы ақпарат жинастырыңыз. Мысалы, мұсылман елдерінде сақталуы тиіс ережелер мен қағидаттар немесе жергілікті ұры-айлакерден сақтану жолдарын естен шығармаңыз.

Жер шарын аралауды арнайы әуебилетін сатып алу арқылы жүзеге асыруға болады. Кейбір әуе компаниялары өз жолаушыларына қолжетімді бағамен әуе билеттерін сатады. Ол үшін сіз белгілі бір уақыт ішінде (көп жағдайда жарты жыл уақытқа дейін) бір бағытта (мысалы, шығыстан батысқа қарай) сапарға шығуыңыз керек. Бұл сіздің жолға кететін шығындардың аз болуына мүмкіндік береді. Яғни, әр әуе билетін жеке-жеке сатып алғаннан гөрі, арнайы әуебилетін пайдалану әлдеқайда тиімді.

Әрине, арнайы әуе билетін сатып алуға кез келгеннің шамасы келе бермейді. Сондықтан, әуе жолдарымен қатар, поезд, автобус, теплоход т.с.с көлік құралдарымен жол жүре аласыз.

Ғаламшардың бір бөлігінде жадыраған жаз мезгілі, ал екінші бөлігінде ызғарлы қыс болатынын ескеріңіз. Сондай-ақ, жауын-шашын, дауыл, құйын маусымдары туралы ұмытпаңыз.

Сапар бағдарын жасаған кезде, әлемдегі қауіпті елдердің барын естен шығармаңыз.

Бюджет пен қаржы

Сапарды жайлы өткізгіңіз келсе, турагенттердің қызметіне жүгінсеңіз болады. Олар сіздің сапар бағдарыңызға қарап, жақсы қонақүйлерді таңдап береді. Алайда, бұл қызмет қомақты қаржыны талап етеді.

Егер де сіз қазынаңыз аздау болып, сапарыңызды мүмкіндігінше аса көп шығынсыз өткізгіңіз келсе, әуелі қымбат мемлекеттерге жол тартыңыз. Сапарыңызды қымбат мемлекеттерден бастап, арзан елдермен аяқтаңыз.  Арзан қонақүй таңдап, тіпті кейде бір тәулікке жалға берілетін пәтерлерге орналассаңыз болады.

Қолма-қол қаражаттармен қатар, сізде көлденең шығындарға қажетті қаржы болуы тиіс. Мұндай жағдайда кредиттік карта болу керек.

Құжаттар

Сапар біраз уақытты алады. Сондықтан да, жолға шықпас бұрын, құжаттарыңызды реттеп алыңыз. Шетел төлқұжатының жарамдылық мерзіміне, таза беттеріне (виза үшін қажет) жіті назар аударыңыз.
Әр елдің өзге мемлекеттердің азаматтарын қабылдау туралы тәртібін ескере отырып, алдын ала қажетті құжаттарды тапсырып, виза рәсімдеңіз.

Денсаулық

Сапар бағдарын жасаған соң, оны өз дәрігеріңізге бір көрсетіп алыңыз. Дәрігер сізге қандай егу жасау керек, сапар кезінде қандай дәрі-дәрмектерді ішу керектігі туралы кеңес беруі тиіс.

Саяхатқа шықпас бұрын, алдын ала медициналық тексерістен өтіп алған дұрыс. Қажетті анализдерді тапсырып, дәрігер нұсқауларын орындаңыз. Өзіңізбен бірге керекті дәрі-дәрмектерді алып жүріңіз.
Медициналық сақтандыру жасатып алыңыз. Бұл ретте ақшаңызды үнемдеудің қажеті жоқ. Медициналық сақтандырудың қай мемлекеттерде жарамды болатынын біліп алыңыз.

Жол жүгі

Шабаданыңызды жинастырмас бұрын, қажетті дүниелердің тізімін жасап алыңыз. Сапарыңызды суық мемлекеттерден бастасаңыз, сізге міндетті түрде жылы киімдер қажет болады.

Сапар барысында сый-кәделер мен өзіңізге керекті бұйымдарды сатып алуыңыз мүмкін. Сондықтан да, мүмкіндігінше, жүгіңіздің аз болуын қадағалаңыз.

Әрине, алыс жолға шығу үлкен дайындық пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан да, саяхатыңыздан оң әсер алып қайту үшін, оңтайлы демалудың жолдарын есіңізден шығармаңыз!


Сапарыңыз сәтті болсын!

Суреттер:514news.com, enjoytripguide.com

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 02 наурыз 2012, 09:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->