Саяхатқа шығар алдында жүктеп алар мобильді қосымшалар

Саяхатқа шығар алдында жүктеп алар мобильді қосымшалар
Фото: freepik.com

Мобильді құрылғыларға арналған қосымшалар саяхат барысында туындайтын қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді: GPS пен карта, валюта есептегіш пен қала гиді, сөздік пен жақын маңдағы қонақ үйлер мен хостелдерді іздеуді жоспарлау әлдеқайда жеңілдей түсті. Оның үстіне уақыт пен ақша үнемдеуге болады. Бүгін саяхатшы үшін керек маңызды 10 қосымшаны анықтайтын боламыз.

 
PackPoint
iOS, Android (Ақылы қызмет түрлері бар)

Картинки по запросу PackPoint

Чемоданыңыз жүкке толы болғанымен, ең керектісін ұмытып кете беретін әдітіңіз болса, бұл қосымша сізге арналған. Қаланы, уақытты, тұрақтау мерзімін және немен айналысатыңызды көрсетіңіз. Қосымша өзі сізге керек болуы мүмкін заттардың тізімін ұсынады. Артығын чемоданнан шығарып, керегін қосып қойсаңыз болады. Әрбір затты қосымшада белгіліп отырсаңыз, ешнәрсені ұмыт қалдырмайтыныңыз анық .

• Flightradar24
iOS, Android (Ақылы қызмет түрлері бар)

Картинки по запросу Flightradar24

Flightradar24 ұшақтар туралы ақпаратты жинайды. Керекті рейсті оның нөмірін теру арқылы немесе картада көрсету арқылы ұшақтың түрін, маршрут, жылдамдық, биіктік пен жөнелту және қону уақытын көрсетеді. Өзіңіз ұшпасаңыз да, алыс сапарға аттанған достарыңыз бен туыстарыңыздың ұшағын бақылап, аман-есен жеткеніне көз жеткізуге болады. 

• Rome2Rio 
iOS, Android (Тегін)

Картинки по запросу Rome2Rio
Кейде белгілінген А нүктесінен Б нүктесіне жету үшін жолда С не Д нүктелеріне соғуға тура келеді. Автобуспен не пойызбен саяхаттағанды жөн санайтындар үшін Rome2Rio қосымшасы бірнеше аялдама арқылы жететін жолдарды көрсетеді. Мысалы, "Қандай автобус арқылы Анталиядан Тбилисиге жетуге болады?" деген секілді сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, автобус бағасы мен арнайы сайттар да көрсетіледі. 

• Couchsurfing
iOS, Android

Каучсерфинг — саяхатшылардың әлеуметтік желісі. Өзінің пәтері бар адам саяхатшыны қонаққа шақырады және ол үшін ақы алмайды. Каучсерфинг — тек ақысыз болғандықтан, қауіпті деп сенімсіздік танытпасаңыз, белгісіз елдің мәдениетін танимын деген адамдар үшін таптырмас қосымша. 

• MAPS.ME
iOS, Android

Картинки по запросу MAPS.ME
MAPS.ME — тегін әрі оффлайн карта. Оны үйде жүктеп алсаңыз, керек елдімекенге келген соң нөмір алуға не интернет іздеуге уақытыңызды жоғалтпайсыз. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін картаны пайдаланбаған адам үшін қолданыс аясы өте қарапайым әрі түсінікті.  

• XE Currency Converter
iOS, Android, Windows Phone

Жаңа елде бәрі арзан секілді көрінеді. Кейін өзіңізге таныс валютаға аударып көрсеңіз, бір қонақ үйдің таңғы асына бір айлық жалақыңыз кеткенін түсінесіз. Бөтен елдегі бағаларға тез үйрену үшін XE Currency Сonverter қосымшасын қолданыңыз. Ол сізге долларды теңгеге, вонды долларға айналдырып, есептеп береді. Wi-Fi-ға қосылып, керекті валютаны таңдап, көрсеткішті тексеріп алыңыз. Қосымша автоматты түрде сол күнгі курсты сақтап қалады да, интернетсіз де есептей бере алады.  

• Google Arts & Culture
iOS, Android

Картинки по запросу Google Arts & Culture
Егер кешті қонақүйде тыныш әрі жайлы өткізуді қаласаңыз, әртүрлі жанрдағы мәдениет мен өнер туралы ғылыми мақалаларды оқу пайдалы болатыны сөзсіз. Бірақ, кенеттен далаға шығып, таза ауамен тыныстауды жаныңыз қаласа Nearby батырмасын басыңыз. Қосымша жақын маңда орналасқан мұражайларды, олардың жұмыс уақыты мен ішіндегі жинақтардың шолуын көрсетеді. Достарыңыз үшін арт-селфи жасаңыз: Arts & Culture қосымшасы өнер туындылары кейіпкерлері ішінен сыңарыңызды тауып береді.

 Foursquare
iOS, Android

Foursquare қосымшасы – демалушылар арасында аса танымал. Өйткені, мейрамхананың тамағы, қызмет көрсету сапасы қаншалықты жоғары екенін осы қосымша арқылы білуге болады. Өзге қолданушылар қалдырған суреттер мен  рецензиялар сіздің таңдауыңызға әсер ететіні анық. 

• Yuggler
iOS

Мұражайлар балаларға аса қызықты бола бермейді. Оларға демалыс саябағы, ойын алаңы мен балмұздақ сататын жерлер ғана нағыз демалатын орындар. Балаларға арналған демалыс аймақтарын білу үшін Yuggler қосымшасын пайдаланыңыз. Жоба америкалық болғандықтан АҚШ, Канада мен Ұлыбритания аймақтары толықтай көрсетіледі. Жақында Мәскеу, Берлин мен Вена қосылды. 

• D Minder
iOS, Android

D Minder қосымшасы тағамнан әрі ультакүлгіннен алатын D дәруменін есептеуге арналған. Әсіресе, ыстық аймақта демалып, күнде жағажайда күн көзінде жататын адамдар үшін маңызды. Басты қызметі терінің түріне сәйкес оған қажетті ультракүлгін сәулені есептеп, күн астында қанша уақыт болу керектігін көрсетеді. Уақыт шегіне жеткен кезде арнайы хабарлама келеді. 

Саяхаттау тек әлемді тану емес, өзіңізді білу. Сондықтан саяхаттаңыз. Ал, демалысқа шықпастан бұрын, қаншалықты дайын екеніңізді бір тексеріп алыңыз.

Т. Есқали