Жарнама "Алматы-Мәскеу" бағытына тағы бір әуе рейсі қосылды

"Алматы-Мәскеу" бағытына тағы бір әуе рейсі қосылды
Фото: tengrinews.kz

"Алматы-Мәскеу" бағытында күн сайын бірнеше ұшақ қатынайды. 2018 жылдың 24 желтоқсанында халықаралық әуе рейстерінің таблосына тағы бір әуе компаниясы қосылмақ. "Орал әуе жолы" (Уральские авиалинии) компаниясы Ресей астанасымен Алматы арасында тұрақты түрде қатынайтын тағы бір рейсті қосады.

Екатеринбургтық бұл компания 2017 жылдың қорытындысы бойынша, әуе жолымен ең көп жолаушы тасымалдаған Ресейдегі алдыңғы 4 компанияның қатарына кірді. Осы жылдың тек қазан айында ғана аталған әуе компаниясы 804 767 жолаушы тасымалдап, осы нәтижесімен былтырғы жылдан 9 пайыз жоғары көрсеткішке қол жеткізген. 2018 жылдың 10 айлық көрсеткіші бойынша, "Уральские авиалинии" компаниясының қызметін 7 804 470 жолаушы қолданған. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 14 пайыз жоғары.

"Алматы-Мәскеу" бағытында ұшу бағасы 61 605 теңгеден басталады

Түрлі бағытта жолаушылар тасымалдайтын компания өзіндік тұрақты тұтынушыларын да қалыптастырды. Ал олардың ең басты артықшылықтарының бірі – қолжетімді баға. Қазір аталған бағыттағы ұшу құны – 61 605 теңге. Қазан айында "Уральские авиалинии" компаниясы tickets.kz онлайн-саяхат агенттігінің және VISA халықаралық төлем жасау сервисінің қолдауымен "Алматы-Мәскеу" бағытында өз жұмысын бастайтын жаңа рейс үшін 10% жеңілдік жасайтынын хабарлады. Еске сала кетейік, бұл жеңілдіктер тек 31 желтоқсанға дейін жүреді.

Қазақстандықтарға қолжетімді бағада сапар жасауға мүмкіндік берген ресейлік компанияның өткен тарихына үңіліп көрейік. Тәуелсіз әуе компаниясы 2000 жылдары мықты дамыды. Ұшу бағыттары көбейіп, 2010 жылы ұшақтар паркін жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Бүгінде компания еншісінде 46 заманауи Airbus лайнерлері (оның ішінде А320 маркалы 24 ұшақ, А321 маркалы 15 лайнер, А319 маркалы 7 ұшақ) бар. А321 ұшағы – сыйымдылығы ең жоғары ұшақ. Лайнер бір уақытта 220 адамды тасымалдай алады.

2019 жылдың сәуір айында ұшақтар паркіне тағы екі ұшақ түрі қосылады. Оның бірі – Airbus A321 neo, екіншісі – 14 Boeing 737 MAX 8.

2017 жылы әуе көлігіндегі жолаушылар орындығын жаңалау жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде, жолаушылар ZodiacSeatsFrance компаниясының өнімі "DragonFly" орындықтарына жайғасатын болды.

Компанияның негізгі қағидасы – халықаралық стандарттағы сапа мен қауіпсіздік үйлесім табу керек

Компанияда ұшқыш қызметін атқаратын әр қызметкер жылына 2 мәрте жаттығу алаңында тәжірибеден өтеді. Жаттығу құрылғылары әлемдегі ең мықты әуе аппараттарын дайындайтын компанияның бірі "Sim Industries"-тың өнімдері.

"Уральские авиалинии" ұшақтары Мәскеу, Самара, Челябинск және Екатеринбург сияқты 4 бірдей қала әуежайларында толық техникалық тексерістен өтеді. 2015 жылы компания өздерінің әуежайларында көлемі 8256 шаршы метр болатын жеке Авиациялық Техникалық Орталық тұрғызды. Бұл кешенге жаңа инновациялық технологиялар енгізілді.

Мәскеу бағытындағы алғашқы рейс: 1936 жылдың 8 шілдесінде "Алматы-Мәскеу" бағытында алғашқы рейс ұшты

1935 жылы Алматы қаласында ең алғаш рет, бүгінгі әуежай орналасқан аумақта әуеайлақ бой көтерді. Араға жыл салып, 8 шілде күні "Алматы-Мәскеу" бағытында алғашқы рейс әуеге көтерілді. Жергілікті газет-журналдар сол кезеңде бұл жаңалықты жарыса жазды. Сол кезеңдегі Қазақстан астанасынан Кеңес Одағының астанасына әуе жолымен жету үшін 2 күн қажет еді. Жолаушыларды тасымалдаған әйгілі P-5 ұшағы жол-жөнекей Қарағанды, Қостанай, Қазан қаласының әуеайлағына соғып кететін. Уақыт өте дәл осы бағытт қатынайтын жолаушылардың саны өсе бастады.

1977 жылдың 1 қарашасы – Ту-144 ұшағы тұңғыш рет көкке көтерілді. Сағатына 2000 шақырым жылдамдықпен қозғалатын Ту-144 Алматыдан аттанғаннан ешқайда тоқтамастан бірден Мәскеу әуежайына тартатын.

"Уральские авиалинии" әуе компаниясының жетістіктері, марапаттары мен болашағы

Аталған әуе компаниясы "Крылья России" сыйлығының лауреаты атанған. Одан бөлек, компания басшысы Сергей Скуратов Ресейдің әуе транспортын дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлықты табыстаушылар тарапынан марапатталды. "Уральские авиалинии" тағы екі аталым бойынша ("Электронная коммерция", "Международные регулярные переввозки") дипломат атанды. 2017-2018 жылдары қол жеткізген марапаттары: "Loyalty Awards Russia 2018" сыйлығының марапаттары, "Развитие регионов. Лучшее для России - 2018" сыйлығының "Транспорт и логистика" аталымы бойынша "Лучший региональный авиаперевозчик" атағына ие болды, "SKYSERVICE 2018" байқауында "Команда года" аталымы бойынша күміс мүлдені иеленді, Сочи әуежайының 2017-2018 жылдың қысқы маусымында "Лучшая авиакомпания по динамике пассажиропотока на международных направлениях" атағына ие болды, "SAFETY LEADERS AWARD 2017" байқауында үздіктерін қатарынан табылды.

Бұл компания 2017 жылдың қорытындысы бойынша, әуе жолымен ең көп жолаушы тасымалдаған Ресейдегі алдыңғы 4 компанияның қатарына кірді. Бүгінде олар 200-ден астам бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Барселона, Ларнака, Тбилиси, Прага, Тиват, Бургас, Пальма де Мальорка, Сочи, Анапа бағыттарына жазғы маусымда адам көп сапарлайтындықтан, бұл қалаларға ұшақтар дамылсыз қатынайды. Лондон, Амстердам, Мадрид, Стокгольм, Прага, Стамбұл қалаларына жолаушылар кез келген күні қатынай алады. Милан, Катанияға аптасына 2 рет, Парижге 3 мәрте рейс аттанады. Айта кетерлік қуанышты жаңалықтың бірі, ресейлік компанияның ұшу бағыттарының қатарына алдағы уақытта Шымкент қаласы да қосылмақ.

24 желтоқсан күні жоғарыда аталған компания ұшағы Алматыдан Мәскеуге алғаш рет ұшады. Сапар құны 61 605 теңгеден басталады. Билеттер қазан айынан бастап сатылымға шықты. "Уральские авиалинии" компаниясы tickets.kz онлайн-саяхат агенттігінің және VISA халықаралық төлем жасау сервисінің қолдауымен "Алматы-Мәскеу" бағытында өз жұмысын бастайтын жаңа рейс үшін 10% жеңілдік жасайтынын хабарлайды. Бұл жеңілдік 2018 жылдың 29 қазан - 31 желтоқсан аралығында "Алматы-Мәскеу", "Мәскеу-Алматы" бағыты үшін  жарамды. Билетті тек tickets.kz сайтынан VISA карталарымен төлем жасау арқылы сатып алуға болады.

А. Қажиев