Апаттан аман сақтап қалатын қауіпсіз ұшақ

Апаттан аман сақтап қалатын қауіпсіз ұшақ
Фото: boredpanda.com

Жолаушыларды апаттан аман сақтап қалатын ұшақ пайда болды. Украиналық авиация инженері Владимир Татаренко бұл жобаға үш жыл уақытын жұмсаған. Нәтижесінде, ол оның қолынан келді. Инженер шұғыл сәтте бірнеше секунд ішінде ұшақтан бөлініп шығатын кабина ойлап тапты.

Кабина құрлық пен суға бірдей қона алады. Оның шатыры ұшақтан бөлініп, автоматты түрде парашютын ашады. Кабинаның астында су бетінде қалғуға мүмкіндік беретін үрлемелі резина трубалары бар.

Владимир Татаренко: "Апат кезінде тірі қалуға болады. Қазірде бүкіл әлемде авиаинженерлер ұшақтарды қауіпсіз етуге тырысып жатқанымен, олар адаммен қатысты факторларға дәрменсіз."

"Әрине, егер ұшақ жарылып немесе бомба атқылауына ұшыраса, ол көмектеспейді. Сонымен қатар кейбіреулер бөлінбелі кабинаның структуралық тұтастық жазықтығының бұзылуы туралы дауласады. Сонымен ұшқыштар ше? Өкініштісі, ұшқыштар қандай жағдай болмасын ұшақта қалып қояды."

Қорытындылай келе кейбір адамдар  бұл өнертабыстың  тиімділігі мен бірінші кезекте іске асуы жайлы көп сұрақ қояды. Егер жылына миллиондаған ұшу болса, жыл сайын әлем бойынша орташа есеппен 500 адам ұшақ апатынан өледі. Алайда өнертапқыш жүргізген сауалнамада жолаушылардың 95% өзінің қауіпсіздігі үшін көбірек ашқа төлеуге дайын екендіктерін айтқан.

С. Ерсін