- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Әлемнің ең...
Әлемнің ең нашар әуежайлары белгілі болды
Респонденттер әлемдегі ең нашар әуежай Нигерияда екенін анықтады. Пікір білдіргендер сөзіне сүйенсек, ондағы терминалдар өздеріне жолатпайды, ал әуежай қызметкерлері жолаушыларға бірде-бір сұрақ бойынша көмектескісі келмейді. Ғимаратта жұмсақ орындықтар атымен жоқ. Ауаны жақсарту жүйесі істен шыққан, ал қону аймағының шатыры лас.
The Independent басылымы 26 мың адам қатысқан сауалнама арқылы әлемдегі ең нашар әуежай Нигерияның Порт-Харкорт қаласындағы халықаралық әуежайы деп жариялады.
Екінші орында Сауд Арабиясының Жидда қаласынан 19 км жерде орналасқан Король Абдул-Әзиз әуежайы бой көрсетті. Ол адамдар ең көп жүретін және көлемі жағынан үшінші әуежай болып саналады. Респонденттер оның терминалдары «лық толы, беймаза және лас» деп көрсеткен. Үштікті Непал астанасы Катмандудан 5,5 шақырым жерде орналасқан Трибхуван халықаралық әуежайы толықтырды.
Тізімге Еуропа елдері ішінен Франция ғана кірді. Бове қаласының әуе айлағы 10-орыннан көрінді. Саяхатшылар оның терминалдарында орындықтар жоқ екенін, аз ғана қызметкерлері қырғиқабақтық танытқанын және Wi-Fi қымбат екенін баса айтты. Рейтингке, Ташкент халықаралық әуежайы, Венесуэла, Гаити, Ауғанстан, Вьетнам және Пәкістанның әуе айлақтары кірген.
Әлемдегі ең керемет әуежайлар да назардан тыс қалмады.
Дереккөз: Казинформ
С. Ерсін