Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бозбала / Сын сағатта / Жүз жағдай / Әлемдегі ең ірі жер сілкіністері

Әлемдегі ең ірі жер сілкіністері

Әлемдегі ең ірі жер сілкіністері

Мамандар дүние жүзінде жыл сайын 100 000 жер сілкінісі болады деп отыр. Олардың көбі әлсіз, тек сейсмограф құралы арқылы байқалатын болса, кейбірі бір айналдырғанда шыр айналдырады. Біздің бүгінгі әңгімеміз ірі жер сілкіністері жайында болмақ.

1. Гаити жер сілкінісі

2010 жылдың 12 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 16:53-те Гаитиде жер сілкінісі болды. Бұл Гаити аралындағы ең ірі зілзала болды. Оның эпицентрі ел астанасы Порт-о-Пренстен оңтүстік батысқа қарай 22 км-де болған. Магнитудасы 7-ге тең бірнеше дүмпу тіркелген. Магнитудасы 15-ке тең бес ірі дүмпу байқалған. Сілкініс Кариб және Солтүстік Американың литосфералық тақтасының жылжуынан пайда болған. 2010 жылы 18 наурызда болған апаттан 222 570 адам қаза тауып, 311 мың адам жарақаттанып, 869 адам із-түссіз жоғалып кетті. Мыңдаған тұрғын үй, барлық емхана қираған. 3 миллионға жуық адам баспанасыз қалды. Ел астанасы бір күнде үйінді астында қалған.


2. Ашхабад жер сілкінісі 

Ашхабад жер сілкінісі 1948 жылы 5 қазаннан 6 қазанға қараған түні 1:14-те болды. 9-10 балдық бұл жер сілкінісі Ашхабадтың 90%-ын қиратады. 110 мыңға жуық адам қаза тапты деген деректер болған. Өйткені, адам шығынын есептеу мүмкін болмады. Бірақ 2010 жылы Түркменстан мемлекетінің президенті зілзала 176 мың адамның өмірін қиды деп айтты. 1995 жылдың 6 қазанынан бастап бұл күн зілзалада мерт болғандарды еске алу күні деп белгіленген.

3. Сычуан жер сілкінісі

Бұл жер сілкінісі Сычуан провинциясында 2008 жылы 12 мамырда болды. Қытай сейсмологиялық бюросының ақпараты бойынша зілзала магнитудасы 8-ге жеткен, ал АҚШ-тың геологиялық қызмет орталығының мәліметі бойынша 7,9 болған. Жер сілкінісінің эпицентрі провинция астанасы Чэнду қаласынан 75 км қашықтықта болды. Сілкініс Пекин және Шанхай қалаларына да сезілген. Тіпті Үндістан, Пәкістан, Таиланд, Вьетнам, Бангладеш, Непал, Моңғолия және Ресей сынды көрші жатқан елдерге де байқалған. 2008 жылдың 4 тамызында жарияланған ресми ақпаратта 69 197 адам қаза тауып, 18 мың адам іс-түссіз жоғалып кетіп, 288 431-і ауыр жарақат алған деп көрсетілген. 

4. Мессин жер сілкінісі 

1908 жылы 28 желтоқсанда Мессин шығанағы және Сицилия мен Апеннин түбегінің арасында болған. Нәтижесінде Мессин және Реджо-Калабрия қалалары қираған. Бұл Еуропадағы ірі зілзала. Сілкініс 28 желтоқсан күні сағат таңғы 5:20-де Мессин шығанағы түбінде басталады. Шығанақ түбіндегі дүмпу 15−20 минут сайын қайталанған биіктігі үш метр үш цунами туғызды. Екінші сілкіністе ғимараттар қирай бастаған. Сицилия және Калабария аралдарындағы жиырма шақты елді мекен қирайды. Мессин қаласының 60 000 тұрғыны қаза тапқан. Калабрия жағалауының екі ауылының тұрғындарының 43,7%-ы мерт болған.


5. Ұлы Чили жер сілкінісі 

Кей деректерде «Вальдивия жер сілкінісі» деп аталатын әлемдегі ең ірі зілзала. Бұл 9,5 балдық апат 1960 жылы 22 мамырда сағат 19:11-де Чилиде болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Вальдивия қаласының маңында болған. Биіктігі он метр болған цунами жайпап өтіп, эпицентрден он мың километр қашықтықта жатқан Хило қаласын, тіпті Жапонияның кей жағалауларын да басып өткен. Нәтижесінде 6 мыңға жуық адам қаза тапты. Жарты миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келген.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы
Фото: planeta-kino.com.ua, gdb.rferl.org, turkmenistan.ru, static.nmn.kz, uniquekazakhstan.info, dic.academic.ru.
Қосылған күні: 23 ақпан, 10:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.