Менің Тайландтағы күндерім #4

Менің Тайландтағы күндерім #4

Массагеттік достарым! Бүгін тайлықтар мен олардың менталитеті туралы айтып бермекпін. Ыстық мекенге ең алғаш рет ұшып келгенім әлі есімде. Нағыз Тайланд тұрғындары қандай болады екен деп оларды бір көруге ынтыққан едім. Әрине, оларды суреттен бірнеше мәрте көргенмін, тіпті телехикаяларын да байқағанмын. Бірақ шынайылық пен көгілдір экранның ар жағындағы өмірді салыстыруға болмайды екен. Олардың ұстанымдары, менталитеті, әдет-ғұрпы мүлдем басқа.

Әуежайда қызмет жасайтын тайлықтар үнділерге ұқсайды. Және олар үшін бұл жерде жұмыс істеу – беделді қызметтердің бірі. Жалақылары да жақсы екен.

Әуежайда түрлі халық өкілін көруге болатындығы туралы бұған дейін де жазғанмын. Арасынан отандастарымды көзім шалған сайын жүзіне үңіліп, жымиып қоямын. Олар да өз кезегінде ілтипаттарын білдірді.

Кәрістерді бақылаған өте қызық екен. Бұртиып, бір-біріне еркелеп сөйлейді. Ана тілдерінде айтылып жатқан құпияны біз біліп қоймасыншы деген сыңай танытып қояды.

Тайланд елінде ресейліктерді, түріктерді және қазақстандықтарды құшақ жая қарсы алады екен. Мәселе олардың шайпұлға көп ақша қалдыратындықтарында болса керек.

Тайлықтар күлген кезде езуі құлақтарына жетеді. 

Алғашында бұл бойжеткеннің бетіндегі бояуын көріп қатты таңқалдым. Өйткені мұндай ауа райында бетімізге жаққан реңк беруіші креміміз қайта-қайта еріп, мазамызды қашырды. 

Саяхаттауды жақсы көретін қос ғашық. 

Шырын сатушы әпке. Тапсырысыңызды жылдам орындап береді. 

Аңсаған арманына жетуді көздеген жігіт. 

Тақуа мен саяхатшы. Баланың қолына байлап жатқан тақуаның жібі әрдайым арманымызды еске түсіріп тұруға көмектеседі екен. 

Даяшы бойжеткен. Қонақтарға деген ілтипаты ерекше. 

Мейрамхана қонақтарын әсем әуенімен тербеген музыкантшылар. 

Өз ісіне білек сыбана кіріскен аспаздың көмекшісі. Асты дәмді етіп әзірлейді. 

Жат елде бауырларымды есіме түсірген балақай. Оның бейкүнә болмысы бір сәтке балалық шағымды еске алуға көмектесті. 

Бұл бойжеткенді нағыз ержүрек адам деп айтар едім. Себебі жыланмен дәл осылай еш уақытта суретке түсе алмас едім. 

Ержүрек жігіт. Жігіт үшін алаңдап, қолтырауындар шоуының тезірек аяқталуын күттік. 

Дала музыкантшылары. Олар саяхатшыларды әуендеріне еліктіріп, бірге би билеуге шақырады. 

Еңбекқор әжей. Мотоцикліне мініп, таңертеңмен жұмысқа аттанып барады. 

Бойжеткен сабағына асықса да, маған қарап бір жымиып қойды. 

Бойжеткен жігітіне ренжіп қалған сияқты. Олардың не нәрсеге бола жанжалдасқандарын түсіне алмадық. 

Спортшы бойжеткен мысығымен шүйіркелесіп тұр. 

Тайланд дүкендерін бірге аралап, туғандарыма сыйлық таңдауға көмектескен құрбым. Өзі сондай ақкөңіл. 

Сатушы бойжеткен. Қазақстандықтарға жалынды сәлем айтып, біздің елді бір көруді армандайтындығын айтты.

Сатушы жігіт. Телехикая түсіріп жатсақ, шақыруымызды өтінді. Өзінің актерлік қабілеті бар көрінеді. 

Мұңды көздерінен бір сырды ұққым келді. Құшақтап қалын сұрайын десем, жақыным емес. Түсінісейін десем, тіліміз бөлек. 

 Жаңа үйдің отынын түтетіп, ақ босаға аттауға дайындалып жатқан бойжеткен. 

Сабыннан түрлі бұйым жасайтын шебер. Оның өнері туралы кейінірек баяндаймын. 

Құрбым қолшатырын тартып алып кете ме деп қорқып тұрған сияқты. 

Сүйкімді бойжеткен. Өзінің инабаттылығымен баурап алады. 

Менің Америкадағы күндерім

Менің Дубайдағы күндерім

Менің Еуропадағы күндерім

Менің Испаниядағы күндерім

Менің Лондондағы күндерім

Менің Қытайдағы күндерім

Менің Түркиядағы күндерім

Менің Тайландтағы күндерім

Менің Тайландтағы күндерім #2

Менің Тайландтағы күндерім #3

Сурет: Massaget.kz

Қ. Бүйенбай