Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Менің Америкадағы күндерім

Менің Америкадағы күндерім

Менің Америкадағы күндерім

Ар ма, Әлемтану оқырмандары! Әлемтану айдарының бүгінгі кейіпкері – ҚазҰУ-дың 3-курс студенті Жолдас Өрісбаев. Қазақстандық студенттің Америка жеріндегі қызықты оқиғалары туралы оқи отырыңыздар.


«Жұмыс және саяхат» - 1970 жылдардан бастау алған, әлемнің түкпірлерінде ЖОО-да білім алып жатқан студенттерге арналған бағдарлама. Оның негізінде өзге мемлекеттердің студенттері АҚШ-тың мәдениетін таниды. Бұл бағдарламаға бірінші курсқа түскелі қызыға бастадым. Өзім екі шет тілі мамандығында оқып жатқандықтан, мақсатым - тіл үйрену. Ал үйреніп жүрген тіліңде сөйлейтін адамдардың ортасында өмір сүру арқылы ол тілді жақсылап меңгеріп алуға болады. Сол мақсатымды көздеп қаңтар айында бағдарламаға қажетті құжаттарды тапсырдым. Артынша мамыр айында жұмыс табылып, 2 маусым күні Нью-Йорк қаласына ұштым. Бағдарламаға іліну үшін қарапайым сөйлеу мәнерін меңгеріп, бірнеше сұрақтарға жауап берсек жеткілікті. Өзіме қойылған 7-8 сұраққа 30 секундтың ішінде жауап беріп, арманыма қол жеткіздім. Тұрғын үй, тамақ мәселелері барынша қарастырылған.


Қазақстаннан жалғыз өзім болдым. Менен өзге Түркия, Гана, Нигерия, Ресей, Өзбекстан сынды елдердің студенттері барды. Жұмысы қызық, саяхаты ерекше 3 айды осы елдегі достармен бірге өткіздік.


Айова штатына барып тұрақтадым. Бұл елді мекенге жетпес бұрын талай қызықтар мен қиындықтарға тап болдым. Бастапқыда досыммен бірге баруды жоспарлағанбыз. Артынша досым белгілі бір себептерге байланысты бас тартқандықтан, жалғыз баратындығыма анашым біраз уайымдады. Алып мемлекетке бармас бұрын картамен, интернет ресурстарын пайдалана отырып мәліметтерге қанықтым.


Алматыдан Нью-Йоркке дейін баратын ұшаққа отырып, арада Лондон қаласына қондық. Лондондағы әлем бойынша ең үлкен Heathrow әуежайында адасып, жол табудан өзіме зор тәжірибе жинақтадым. Ары қарай 9 сағаттан кейін ұшатын рейсіме отырып Нью-Йоркке ұштым.

 

Сағаттық белдеулерге байланысты арада бір жарым күндей уақыт өтіп кетті. JFK әуежайынан LaGuardia әуежайына баруым керек болды. Тоқтатқан таксиім аузымды ашып үлгергенімше отырғызып алды да, айтқан бағытыма 20-30 минутке жетпей алып барды. Одан кейін Нью-Йорктен Миннеаполис қаласына қарай ұштым. Арасында Чикаго қаласындағы O.hare әуежайына қондық.

 

Чикагода келесі рейсімді 6 сағат бойы күтіп, ұшуға жарты сағат қалған кезде ұйықтап қалыппын (күліп). Оянсам рейсімнің ауысып кеткеніне бір жарым сағаттай уақыт өтіп кеткен. Мән-жайды сұрастырғанымда бағыма орай рейсім қалдырылған екен.

 

Ендігіде Delta Air Lines компаниясынан берген билетті алып, іштей риза болып сыртқа шықсам, ұшақтың ұшуына 30 минут уақыт қалған екен. Кісілерден рұқсат сұрап кезектен тыс тіркелуден өтіп, ұшағыма үлгердім. Миннеаполис қаласына жеткен соң Грейхаундтан автобусқа отыруым керек. Сол жерден жұмыс беруші адамдар алып кетеді.

Ендігі кезекте Нью-Йорк қаласында өткізген жүгімді жоғалтып алдым. Үйдегілерге әлеуметтік желілер арқылы хабарласып отырдым. Үздіксіз хабарласып тұрған отбасыммен қазақша, ТМД елдерімен орысша сөйлестім. Өзге достарыммен тек қана ағылшын тілінде тілдестім.

 

Артынша жұмыс біткен соң 10 күн бойы саяхаттадық. Вашингтон қаласындағы барша мұражайларды араладық, атақты Пабло Пикасо, Огюст, Декарт сынды импрессионистердің төл туындыларын көрдім. Қайтарда естелікке кітаптар ала келдім.

Бұл саяхатым өмірлік тәжірибе беріп, көзқарасымды жақсы арнаға бұрған ерекше мүмкіндік  болды. Қазір қиындықтарымды есіме алсам еріксіз жымиямын. Есесіне енді кез келген елге саяхаттай аламын. 

Әңгімелескен: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Жолдас Өрісбаев

Редакциядан: Біздің жобамызға кез келген өзге елге саяхаттап келген адам қатыса алады. Ол үшін жоба авторы Айгерім Сматуллаеваға хабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Сембайдың Қытайдағы күндері

Шерзат Баратовтың Еуропадағы күндері

Шолпан Сыдықтың Түркиядағы күндері

Мейрамбек Таубалдиевтің Испаниядағы күндері

Құралай Ахметтің Еуропадағы күндері

Фариза Ертаеваның Америкадағы күндері

Сания Дауталиеваның Малайзиядағы күндері

17
Рейтинг: +10

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 08 қаңтар 2014, 16:07
Пікірлер
+1
08 қаңтар 2014, 14:11

керемет шығыпты...

+1
08 қаңтар 2014, 14:12

қызғанба)

+1
08 қаңтар 2014, 14:16

Тамаша екен! :) :)

+1
08 қаңтар 2014, 14:22

осындай қызықты оқиғалар мен суреттерден кейін шетел көрсем деген жоспар пайда болып еді, соңғы кезде қайтып қалдым) ал Жолдасқа әсерлі әңгіме үшін рақмет! Өзіңіз қалаған шетелдерді аралап шығып, танымыңызды кеңейтіп, еліңізге қызмет ете беріңіз!

+1
08 қаңтар 2014, 14:35

ВК желісінен "Ешуақытта ақша жинама, ақшаны өзіңе сал, сонда ақша өз-өзінен сізге келеді" деген жазбаны оқыған ем... Жолдастың дәл сондай адам екенін байқадым. Әсіресе, ағылшын тілін 6 сыныптан бастап үйреніп, 7 сыныптан бастап курсқа қатысқанына да риза болдым. Тамаша сұқбатыңызға рақмет!

+1
08 қаңтар 2014, 15:02

Сонда қандай жұмыс істеді екен, сол жағы қызықтырып тұрғаны...

+1
08 қаңтар 2014, 15:22

Жоханың Америкаға сапарын өз аузынан қызығып отырып тыңдағам. Тамаша болған. Жеткенше біраз қызықтар бастан өтіпті. Ұйықтап қалып, кешігіп жүргенін елестетсем күлкім келеді.

+1
08 қаңтар 2014, 22:40

Керемет қандай, қызықтым

+1
09 қаңтар 2014, 18:20

Қанша рейс ауыстырған сонда, сұмдық қой)

+3
17 қаңтар 2014, 00:37

Жалпы 4 рейс ауыстырдым, Wallmart супермаркетінде стокер болып жұмыс істедім.

+1
28 наурыз 2014, 15:43

жолдас ага логинзди бернзши я :D

+1
28 наурыз 2014, 15:44

жалпы адамдары жаксы ма

+1
28 наурыз 2014, 15:46

i am too want to go to new york :cry:

+1
28 наурыз 2014, 15:48

dear brother joldas next time маган естелк акелско :(

+1
28 наурыз 2014, 15:49

what is the stoker? tell me!

+1
05 мамыр 2014, 02:58

Stocker is a simple worker in a supermarket. Your post is to stock things. this is my login joldas_os@mail.ru, if you wanna have a talk with me.

+1
11 желтоқсан 2014, 14:13

Мықты жігіт!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.