- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Селфи үшін 75...
Селфи үшін 75 елді аралап шыққан саяхатшы
Селфи (ағыл. Selfie – өзі; өзім) – фотокамера арқылы өз-өзін түсіру. «Селфи суреттері» деп айнаның көмегімен немесе фотоаппарат обьективін өзіне қарата отырып өз-өзін басты суретке түсіруді айтамыз. «Селфи» сөзі термин ретінде 2000 жылдың аяқ жағы мен 2010 жылдың бастапқы кезеңінде қолданысқа енді. Оның тез қанат жайып, сіңісіп кетуіне ұялы телефон фотоаппарат құрылғысы түрткі болған.
Фотопортрет шамамен Kodak Brownie компаниясының Kodak (1900 жылы) атымен мәлім фотокамерасының өмірге келуімен тікелей байланысты. Ұлы князь қызы Анастасия Николай 13 жасында ең алғашқы селфи жасағандардың бірі болған. Түскен суретін Анастасия 1914 жылы хатқа салып досына жөнелтіп жібереді. Хат ішінде князь қызы бір-екі тал сөзбен қайырады: «Мен бұл суретті айнаға қарап түсірдім. Ол дегеніңіз өте қиындау келеді екен. Екі қолым дірілдей береді».
Селфидің жандануына Instagram мобильді үстемесі қатты әсер етті. Оның танымалдылығы жастардан өтіп, ересек аталарға дейін жайылған. 60 миллиондық аудиториясы бар әлеуметтік желіге Рим папасы Ватикан жұртымен суретке түсіп жариялады. 2012 жылы Time журналы «Селфи» сөзін «Топ 10 заманауи тіркеске» жатқызған.
Жан-тәнімен селфиге берілгендердің бірі деп Алекс Чаконды айтса болады. Ол өзін 360 градусқа айналдыра түсірген.
Оның жасаған таңғаларлық видеоролигі осыған дәлел. Алекс 600 күн бойы өзінің темір мотоциклімен 200 000 шақырымды жүріп өтіп, 75 елдің шекарасын аттаған.
Оқи отырыңыз:
Иманғали Тасмағамбетовпен селфи
«Оскардың» селфи суреті флеш-мобқа айналды
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: www.ibosj.ca,bigpicture.ru
Н. Нұрмаханұлы