Британия монархтары ешқашан қолданбайтын сөздер

Британия корольдік отбасының өзара сөз алмасу стилі бірқатар ережелермен реттеледі. Кейбір сөздерді аталған әулет мүшелері ешқашан қолданбайды, сондай-ақ олардың көзінше мүлдем айтуға болмайтын сөздер бар.

Виндзор корольдік отбасының мүшесі болу үлкен мәртебе саналады. Бірақ бұл ақсүйектер әулеті қалағанын жасай алады дегенді білдірмейді. Тіпті, керісінше. Корольдік отбасы ұстанатын және оның әрбір өкілінің қоғаммен қарым-қатынас процесін анықтайтын көптеген ережелер мен тәртіп бар. Атап айтқанда, Британия Корольдік отбасы арнайы қарым-қатынас стилін ұстанады және белгілі бір сөздерді қолданудан бас тартады.

Тіпті патшайымның өзі оларды сақтауға міндетті. Бірақ егер ол шынымен қаласа, ескірген әдет-ғұрыптар мен дискриминациялық сипатқа ие ережелерді қайта қарап, өзгерте алады. Мысалы, когнатикалық примогенитура ережесіне сай, мұрагерлер құқықтары жынысына қарай шектелген. Бұл тәртіп сақталып қалатын болса, ханзада Луи жасы кіші екеніне қарамастан, ұл бала болуына байланысты таққа әпкесі Шарлоттадан бұрын, ағасы Джордждан кейін отырар еді. Бірақ қазір мұрагерлік құқығы жынысына қарамастан туу тәртібімен сақталатын болды.

Дегенмен, кейбір дәстүрлерді өзгерту мүмкін емес. Және бұл корольдік отбасы өкілдерінің қарым-қатынас стиліне де қатысты. Виндзорлар өте мұқият сөйлеседі және олардың сөздерін әңгімелесушінің қалай қабылдауын мұқият қадағалайды. Оның үстіне, Элизавета және корольдік отбасының басқа да аға мүшелері жаргон сөздерді қолданбай, ресми қарым-қатынас стилін сақтайды. Корольдік қоғамда кейбір сөздердің нақты тізімі болмаса да, жай ғана тыйым салынған.

Виндзорлар қандай сөздерді айтпайды

Патшайым мен оның мұрагерлері француз тілінен енген сөздерді көп қолданбайды. Оған ғасырлар бойы елдер арасындағы шиеленіскен қарым-қатынас себеп болды. Қазір бәрі тыныш болса да, корольдік отбасы үшін француз тіліндегі бірқатар сөздер тыйым салынғандар тізімінде қала береді. Атап айтқанда, корольдік отбасы мүшелерінің «дәретхана» (французша «toilet» сөзінің ағылшын тіліндегі «loo» немесе «lavatory» баламасын құп көреді), «парфюм» (французша «perfume» орнына олар «scent» сөзін пайдаланады) немесе француздың «dressevir» дегенінен шыққан «десерт» сөзін қолданғанын ешқашан естімейсіз.

Виндзорлардың көзінше айтылмауы керек сөздер

Корольдік отбасы мүшелерімен араласатындарға тыйым салынған сөздер бар. Сондықтан, ақсүйек отбасы айтқанын естімеген болсаңыз, жай ғана «Не?» деп сұрағаныңыз жөн. Ал «Кешіріңіз» деген сөзді қолдануға болмайды және мұндай ым,тіпті, дөрекі саналады.

Сондай-ақ «posh» («сәнді») сөзі орнына «smart» (осы контексте - «талғампаз» деген мағынада) қолданылады. «Диван» (couch) баламасының нақты «софа» (sofas) деген нұсқасы нормаға енгізілген. Американизм саналатын лаунж (lounge) немесе living room мағынасын беру үшін «drawing room» немесе «sitting room» тіркестерін қолданған дұрыс.

Егер сіз патша отбасының бір мүшесімен шай ішіп отырсаңыз, онда мұны «шай» немесе «шай ішу» (tea) деп емес, «кешкі ас» («supper» немесе «dinner») деп атайсыз.

Монархтар бір-бірімен қалай сөйлеседі

Олар ішкі қарым-қатынаста да белгілі бір ережелер қолданады. Соған сай, Чарльз ханзада әлі күнге дейін анасын, яғни, патшайымды «Mummy» деп атайды. Себебі бұл сөз анасына еркелеу сөзі емес, ресми нұсқа ретінде қолданылады. Демек, «Mummy» және «Daddy» сөздері ресми болса, «Mom» және «Dad» сынды тым бейресми мағынадағы баламаны сырт көзден тыс жерде айтуға ғана рұқсат етілген.