McDonald's өнімдері ауа райы болжамында

McDonald's өнімдері ауа райы болжамында
Фото: vc.ru

McDonalds компаниясының Лондон қаласындағы бөлімшелері сатып алушыны арбап алудың жаңа тәсілін ойлап тауыпты.

Қала көшелеріндегі бірнеше билбордқа және ғимараттар маңдайшаларына ауа райын көрсететін үлкен лэд экрандар орнатылған. Ерекшелігі, мұндағы ауа райының белгілері МсDonalds-тің 8 түрлі тағамымен бейнеленген. Биг-Мак күннің сипатында болса, төңкерілген фри қорабы жауын-шашынды білдіреді. Экрандағы болжам дәл сол мезеттегі ауа райын көрсетеді. 

Бұл амалды жүзеге асырудағы басты мақсат – қала тұрғындарын көктемгі құбылмалы ауа райы көрсеткішімен хабардар етіп отыру. Осындай қадамға бару үшін McDonald's билболдтардағы деректерді Ұлыбританияның Метеорология қызметімен дәлме-дәл үйлестірген. 

Әлемге танымал брендке айналған компания өзінің тұтынушыларын таңғалдыруды әдетке айналдырған. Естеріңізде болса, 2014 жылы McDonalds өз тапсырыстарын Ferrari, Lamborghini көліктерімен тасымалдап, жаһанға жаңалық жасап еді.

А. Қажиев