McDonald's Snapchat көмегімен жұмысқа қабылдайды

McDonald's Snapchat көмегімен жұмысқа қабылдайды
Фото: massaget.kz

Фастфуд ресторандар желісінің АҚШ-тағы өкілдері танымал Snapchat әлеуметтік желісін жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мақсатында қолданбақ. Ресми ақпаратқа орай, бұл әдіспен жазғы маусымда 250 мың адам жұмысқа орналасады.

Бүгіннен бастап Snapchat әлеуметтік желісінде McDonald's қызметкерлері жұмыстағы үдерісті баяндайтын және небәрі 10 секундтан аспайтын видеороликтерді жүктейді. Қызығушылық танытқан адам гиперсілтемені басу арқылы компанияның ресми сайтына өтіп, өтінішін қалдыра алады. Өтініш бірден қаралып, жергілікті McDonald's ресторанына сұқбатқа шақырылады. Ал үміткердің жұмысқа қабылдануы немесе қабылданбауы сұқбат барысында шешіледі.

АҚШ-тағы McDonald's ресторандар желісінің аймақтық комиссары Андреа Абейттың айтуынша, соңғы екі жылда фастфуд ресторандар желісінде қызмет ететін мамандар саны азайып кеткен. Биыл осы әдістің көмегімен қызметкерлер санын жаз маусымында 250 мыңға көтеру көзделіп отыр. Олардың 130 мыңы 16-24 жас аралығандағы жұмысшылар болмақ. Айта кетсек, қазіргі таңда АҚШ-тағы McDonald's ресторандарында 850 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

АҚШ-тың Еңбек статистикасы бюросының мәліметіне орай, жыл сайын сәуір айынан маусымға дейін жастардың арасында жұмыс іздейтердің саны күрт өседі. Мысалы, мамыр айында 16 мен 24 жас аралығындағы жұмыс іздеген америкалықтардың саны 23,1 миллионды құраған. Бұған мектеп немесе колледжде берілетін демалыс уақыты себеп болып отыр.

Ж. Өрісбай