Миллиондаған кіріс алып келетін хобби

Миллиондаған кіріс алып келетін хобби
Фото: vk.com

British Horse Racing агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның жарыс жылқылары соңғы 13 жыл ішінде  $ 8 миллионнан астам кіріс алып келген.

Патшалық отбасының 2016-2017 жылғы жалпы кірісі $430 миллионды құрағанына қарағанда, ат жарыстан келетін қаржы айтарлықтай шешуші рөл атқармайтыны анық. Десе де, хоббиден пайда табу кез келгенге бұйыра бермейтіні тағы бар. Ал, Виндзорлардың шығыны бар болғаны $55 миллионның айналасы.

Айта кетейік, өзінің алғашқы фаворит жарыс атын патшайым 4 жасында сыйлыққа алған екен.

А. Оралқызы