Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Күзгі хобби түрлері

Күзгі хобби түрлері

Күзгі хобби түрлері

Күз – ерекше өзіндік көңілі бар жыл мезгілі. Күзде жаздағы ойнап-күлгенді қойып, көңілге жайлылық сыйлайтын басқа істермен айналысқымыз келеді. Осы мезгілде қандай нағыз күзгі қызығушылықтар табуға болады?

Саңырауқұлақ, алма жинау


Бұл нағыз күздік хобби. Тәтті алмалар не дәмді саңырауқұлақтар жинауға саябақтарға, ормандарға, тау етектеріне барыңыз. Ал табиғаттағы күздің алуан бейнесі, сары, жасыл, қызыл түсті жапырақтар кілемі ерекше сезім сыйлайды. Қысқасы демалып, саңырауқұлақ не алма жинап қайтасыз. 

Тоқу

Суық кештері тоқудан артық іс табыла ма екен? Бос уақытты жібермей өзіңізге не жақындарыңызға жылы жемпір, орамал, шұлықтар тоқып беріңіз. Тоқу жүйке жүйені тыныштандырып, жалпы ми жұмысына пайдалы.

Сурет салу

Соңғы рет суретті бастауыш мектебінде оқып жүргенде салсаңыз да, бұл іске қайта кірісуден қорықпаңыз. Сізге бар керегі қағаз бен қарындаштар, қалауыңызша бояулар алуға болады. Құрал-саймандарыңызды ала жүріп, табиғат аясына шығып, күзгі табиғаттың әдемілігін қағаз бетіне көшіріп көріңіз. Сізде керемет сурет шығуы екіталай, алайда жақсы көңіл күй аларыңыз сөзсіз.

Фотосурет

Күзгі табиғаттың сан алуандығы оны дереу суретке түсіріп алуға тіленіп тұрады. Сіз де бір күні қолыңызға фотоаппарат алып, күзгі пейзаждар, жаңбырлы күндер, асыққан адамдарды түсіріп алыңыз. Осылайша көңілсіз күздің ұсақ-түйектерін байқап, олардан шабыттанасыз.

Қолөнер

Интернетте суреттері жүрген қолөнер туындыларына қызыққаныңызға көп болды ма? Күзде осы істі қолға алып, өзіңіз де қолыңыздан түрлі әшекей бұйымдар, сәнді жағалар, тіпті киім бұйымдар тігуіңізге болады. Осылайша эксклюзивті, тек сізге ғана ұнайтын матадан, түстерден жасалынған бұйым аласыз. Қажетті материалдарды дүкендерден оңайлықпен таба аласыз. Ал мұндайға өнерім жоқ десеңіз, интернетте бар талай шеберлік сабақтарды көріңіз. Өз қолыңыздан жасалған бұйым сатып алынғаннан бірнеше есе сапалы, сәнді болады. Оны таққанда да ерекше мақтаныш сезіп тұрасыз.

Флористика


Түрлі түсті жапырақтар, гүлдер, бұтақтардан бір гүл шоғын жинау нағыз күздік хобби. Өз қалаңыздағы саябақта, өз аулаңызда, тіпті үйге қайтар жолда жерде жатқан әдемі, ерекше жапырақтардан гүлшоғын жинап, өз үйіңізді әшекейлеп қоюға болады. Бұл қызығушылық адамды күзгі табиғатпен жақындастырып, тыныштық сезімін сыйлайды.

Балшық илеу

Өзіңізге бос уақыт өткізгенге қызығушылық іздегенде осыншама ерекше хобби жайлы ойландыңыз ба? Бұл ойға қызықсаңыз, әр қалада бар қыш илеу сабақтарына қатысыңыз. Қазір жиі қолданылатын полимерлі қыштан түрлі аңдар, гүлдер бейнелерін жасауға болады. Кейін оны үйіңізге қойып, мақтанып қарағанға не жетсін?

Күнделікті жұмыс, сабақ пен шаруалармен ғана өмір сүрмей, өзіңізді дамытуға, жаныңызға жайлылық пен рахат сезімін сыйлайтын қызығушылықтармен айналысыңыз. Бұл сізге нағыз бақыт сезімін сыйлайды.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: myvelosiped.ru, japonskie.ru, photodom.com

7559 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 қыркүйек 2013, 09:33
Пікірлер
+0
06 қыркүйек 2013, 12:26

Осы мезгілдегі табиғаттын суретін салу - ерекше күй сыйлайды

+0
08 қыркүйек 2013, 12:06

Күзде саңырауқұлақтар шыға береді ме? жеуге жарамды саңырауқұлақтар,менің білуімше, көктемнің алғашқы жауындарында шықпаушы ма еді? :? Алғаш естуім. тек жауабын беріңізші өтінемін :?:

+0
10 қыркүйек 2013, 14:36

Әрине жинауға болады, көктемде өсіп тұрған саңырауқұлақтар күзде де шығуы керек. Таулы жерлерден (бірақ өте биік емес) жинауға болады.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев