Әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингі жарияланды

Жылжымайтын мүлікпен айналысатын америкалық Savills агенттігінің қызметкерлері әлемнің ең қымбат қалалары рейтингі жариялады. Бұдан бұрын 2,5 жыл бойы көшбасшылықты бастаған Лондон өмір сүру үшін ең қымбат қала. Қазір Ұлыбритания астанасы үшінші орынға түсіп қалды.

Ал оның орнын Нью-Йорк басты. Онда тұру жылына 114 мың долларды құрайды. Жыл ішінде бұл цифр 2 пайызға артты. Екінші орында – Гонконг. Бір адамға мұнда жылына 100 мың доллар қажет. 

Үшінші орын жөнінде айттық: Лондон, Brexit-тен кейін онда шығындар 11 пайызға төмендеді.

Сонымен қатар, алғашқы бестікке Токио мен Париж кіреді. Ал Ресей астанасы Мәскеу осы жолы ең қымбат қалалардың ондығынан шығып қалды: Мәскеу 15-ші орынға жайғасты.

Рейтингті құрастыруда тұру құны, кеңселерді жалдау және коммуналдық қызметтер ескерілді. Бұл есептер қаржы саласы мамандарына бағдарланған. Сондықтан да қарапайым тұрғындар үшін бұның қажеті шамалы деуге болады.

Дереккөз: baq.kz