Кенияда балаларға ұшақтың аты қойылып жатыр

Кенияда балаларға ұшақтың аты қойылып жатыр
Фото: http://theaviationist.com/

Кениялық ана балаларына Барак Обаманың ұшағының атын қойды, - деп жазады Лента.ру. Олардың біріне AirForceOne Barack Obama деген ат қойылса, екіншісінің есімі AirForceOne. Айта кетелік, Air Force One "нөмірі бірінші ұшақ" деген мағына береді.

AirForceOne-ның анасы Люси Атиено бұл ісін былай түсіндірді: "Мен Барак Обама мінетін ұшақтың әлемдегі ең қауіпсіз, ең жақсы ұшақ екенін естідім. Сондықтан, ұлыма осындай ат қойдым".

Кениядағы тағы бір отбасыда туған балаларға Мишель (Обаманың әйелі), Малия (Обаманың қызы), Малия Саша деген ат қойылған. 

Айта кетелік, Барак Обама Кениядағы Когело жерінде дүниеге келген. Оның туыстарының көбі осында өмір сүретіндіктен, АҚШ президентінің есімі балаларға жиі қойылып тұрады.

М. Бисембаева