Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / Atlantis шипажайының үшінші нұсқасы дүниеге келеді

Atlantis шипажайының үшінші нұсқасы дүниеге келеді

Atlantis шипажайының үшінші нұсқасы дүниеге келеді

Kerzner International Holdings компаниясы Хайнань аралында Atlantis атты заманауи шипажайын салады.

Санья қаласына шипажайын салдыру Қытайдың Fosun International Limited жеке кәсіпкерлік компаниясы Kerzner International Holdings Limited құрылыс компаниясымен келісім шартқа отырған. Atlantis шипажайы Қытайдағы алғашқы, ал әлем бойынша Дубай мен Багам аралдарынан кейінгі үшінші рет салынып отырған демалыс орны.


Шипажай салынатын Санья қаласы Қытайдың оңтүстік шекарасында орналасқан. Санья халықаралық туризмнің орталығы. Әлем жұртшылығын экологиясының тазалығымен таңғалдыруда. Оның көздің жауын алар көрінісіне ешбір елдің сұлулығы жетпейді.


«Ойымыздағы Atlantis жобасын іске асыруға Қытай жері лайық деп табылып отыр. Бұл жер туристердің санын арттырып қана қоймай, біздің демалыс пен ойын-сауыққа қатысты философиялық көзқарастарымызды да танытады. Atlantis шипажайын елімізде сала алатынымызға қуаныштымыз», - дейді Kerzner International Holdings Limited компаниясының бас директоры Алан Лейбман.


Fosun International Limited компаниясының орынбасары Гуо Гуанчангтың айтуынша, Атлантида туралы аңыздарды қамти отырып, заманауи үлгіде салынатын болады. Санья қаласындағы Atlantis шипажайының аумағы 62 гектар. Іші Дубай мен Багам аралдарындағы «бауырлары» секілді қызықты ойын-сауық кешендерімен жабдықталады. Мұнымен қатар, 65000 теңіз жануарларынан тұратын қорық, ең үлкен аквапарк, дельфинарий, теңіз суы бар бассейн, 1300 адамға арналған қонақ үй, спа орталықтар, мейрамханалар мен сауда орталықтары, кеш ұйымдастыруға арналған залдар салынады.


Болашақта шипажай қызметкерлерінің саны 3500-ге жететін болады. Олардың құрамына қызметкерлермен қатар биологтар, құтқарушылар, таңдаулы деген аспаздар, сауық кешін ұйымдастырушылар кіреді. Atlantis шипажайының құрылыс жұмыстары 2013 жылдың соңында басталып, 2016 жылы аяқталады деп күтілуде.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: planet.ru

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 25 қазан 2013, 14:46

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.