Аюсай ұлттық саябағы экотуризмнің заманауи бизнес-моделін жүзеге асырды

Аюсай ұлттық саябағы экотуризмнің заманауи бизнес-моделін жүзеге асырды

1 қазанда Іле Алатауы ұлттық паркінде экологиялық туризмнің тұрақты дамуына арналған жобаның Туранга Групп аталатын тобы БАҚ өкілдерімен, инфлюенсерлермен және болашақ серіктестермен туристік белсенділік форматында әрі табиғатпен үйлесімділік атмосферасында достық кездесу өткізді.

Компания АҚШ-тың ұлттық парктеріндегі ұқсас ұйымның табысты үлгісіне сүйеніп, тұрақты экотуризмді қолдаудың оңтайлы бизнес-моделін жүзеге асырды.

Ұйымды бизнес тұрғысынан да, табиғатты қорғау тұрғысынан да тұрақты ету үшін ұлттық парк аумағында келесі туристік инфрақұрылым жасалды:

а) Іле Алатауының ерекше қорғалатын табиғи аумағы (ЕҚТА) туралы кәсіби кеңесшілер ұсынатын және көрнекі презентациямен толықтырылған ақпарат алуға мүмкіндік беретін Визит-орталық;

б) Tau Tas глэмпингі – жайлылықтан бас тартуға әлі дайын емес болса да, табиғат аясында оған зиян келтірмей демалғысы келетін туристерге қызмет көрсететін экологиялық туризмнің жаңа бағыты;

в) Коворкинг кеңістігі түріндегі креативті, экологиялық таза және эргономикалық жұмыс кеңістігін пайдаланатын корпоративтік клиенттерге ыңғайлы Tau Hub қызметі;

г) "Тамыр" кэмпингі – өздерін нағыз тау туристері сияқты сезінгісі келетіндерге арнап қауіпсіз жабдықталған лагерь;

д) Велосипедтерді жалға беру қызметі және тегін Wi-Fi, табиғатқа зиян келтірмейтін 3 сатылы тазалау жүйесі бар биодәретхана сияқты экотуризмнің өзге де кереметтері ұсынылады.

Тұсаукесер аясында команда Іле Алатауы ұлттық паркінің еріктілер қоғамдастығын құруды ерекше атап өтті.

10 тұрақты волонтер қоғамдық шаралардың негізгі қозғаушы күші саналады және олар жаңа ізбасарлар мен еріктілерді даярлаумен және тартумен айналысады; ұлттық паркке келушілерге және Алматы қаласының тұрғындарына табиғат аясындағы қауіпсіздік пен таңдалған бағыттың дұрыстығы туралы кеңес береді. Мұндай ақпаратты Tamyr мектебінің дәрістерінен білуге болады.

Олар, сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолдарын реттеу, қоқыс жинау және қорғалатын табиғи аумақтарға өсімдік отырғызу секілді іс-шаралар ұйымдастырады.

Туранга Групп құрылған жылы-ақ әлеуметтік және қайырымдылық қызметі аясында мынадай нәтижелерге қол жеткізді:

1000-нан астам адам "Саяхатқа қалай дайындалу керек?" деп аталатын бастапқы базалық тренингтен өтті. Еріктілер Recycle Birge экологиялық қозғалысы және KWR бірлестігімен қосылып Аюсай шатқалынан 500 кг-нан астам қоқыс жинады, оның 50% екінші мәрте қолдану үшін қайта өңдеуге жіберілді.

Айта кететін жайт, еріктілер тобы қоқыс жинап жүріп, өткен ғасырдың 80-жылдарынан қалған темір құты тауып алды. Демек, таудағы қоқыстар 40 жылдан бері жиналмаған.

"Мың көз" соқпағы: "Іле Алатауы" ұлттық паркіндегі таңдандыратын бағыт

Шатқалдағы жойқын өрттердің алдын алу мақсатында демалушылар жаққан көптеген заңсыз оттар өшірілді.

"Ескі жапон жолы" мен "Аюсай сарқырамасы" соқпақтары ретке келтірілді. Қорлармен бірге, команда ерекше күтім қажет ететін және тағдыры қиын балаларға арналған "терапиялық" турлар өткізді.

Әйгілі Мың Көз соқпағы (бұрын заңсыз кәуап қуырып, демалатын орын болған) суретші Санжар Жұбановтың петроглифтерімен безендірілді.

"Мың көз" – ірілі-ұсақты тастарға Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген жануарларының бейнелері салынған жол бойындағы тастар жиынтығы. Суретші тастарды ойып сурет салу үшін 4,5-5 ай уақытын сарп еткен. 

Соқпақ бойын түгел жүріп өткен турист "Қызыл кітапқа" енген барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, сілеусін, сусар секілді жануарлардың бейнелерін көреді. Тастан жасалған гравюралар әр жерде орналасқан: шатқалда, бұлақтарда, соқпақтың биік және төмен нүктелерінде. 

Аюсай сарқырамаларына қалай жетуге болады?

Бұл соқпақпен саяхат жасау ересектер мен түрлі жас аралығындағы балаларға қолжетімді. Сел жүріп өткен жерде орын тепкен жас ормандағы ағыс бойымен өтетін бағыт серуенге өте қолайлы. 

Шара барысында еріктілер тобы келушілерді жақында тұсауы кесілген "Іле Алатауы хикаялары" кітабымен таныстырды.

"Іле Алатауы хикаялары” – табиғатты сүюге үндейтін кітап

Бұл жинақтан Үлкен Алматы орман шаруашылығының бас инспекторы Райхан Мұхамеджанованың, Үлкен Алматы орман шаруашылығының инспекторы Марат Әлішевтің, Үлкен Алматы орман шаруашылығының инспекторы Юрий Мальцевтің, геолог Людмила  Скринниктің, археолог Александр Горяевтің және тағы басқа әртүрлі мамандықтағы кейіпкерлердің қызықты хикаяларын оқи аласыз.

Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Іле Алатауының әсем ландшафтарын қорғау, өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемін сақтау, туризмді дамыту мақсатында құрылды. 1996 жылы Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан Қаскелең, Пригород, Түрген орман шаруашылықтарының негізінде құрылған. Парк теңіз деңгейінен 600-4540 м биіктікте орналасқан. Әсем табиғаты, алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар парктің қоршаған ортаны қорғауда алатын орны ерекше.

Т. Раушанұлы