Алматының қай ауданында жалдамалы пәтер бағасы арзан?

Алматының қай ауданында жалдамалы пәтер бағасы арзан?
Фото: krisha.kz, freepik.com

Қыркүйек кірісімен Алматыда жалға берілетін баспана бағасы аспандай түседі. 2 миллионға жуық халқы бар ірі мегаполисте 8 аудан бар. Олардың қайсысында жалға берілетін пәтер бағасы арзан? Баспана нарығының үздігі krisha.kz ұсынған ресми статистикаға назар салайық.

2019 жылдың 22 тамызындағы нарық мониторингіне назар аударсақ, Алматыда 1 шаршы метр, орта есеппен 2460 теңгеге жалға беріледі.

Алматыдағы ең арзан аудан – Түркісіб ауданы. Мұның негізгі себебі – ауданның қала орталығынан алшақ орналасуы. Сонымен қатар, Жетісу, Алатау, Наурызбай ауданындағы жалдамалы пәтер бағасы да осы шамада. 1 бөлмелі пәтер бағасы бұл аудандарда 60-70 мыңнан, 2 бөлмелі пәтер 80-90 мыңнан, 3 бөлмелі пәтер 95-120 мыңнан басталады.

Қаланың орталығында орналасқан Әуезов, Алмалы, Бостандық аудандарында жалдамалы пәтер бағасы қымбаттау. Коммуналдық қызметті есептемегенде, бұл аудандардан 1 бөлмелі пәтерді жалға алу құны, шамамен 80 мыңнан, 2 бөлмелі пәтер 90-100 мыңнан, 3 бөлмелі пәтер құны 110-120 мың теңгеден басталады. Аталған аудандарда тұрудың артықшылығы – бұл аумақта транспорттың барлық түрі түрлі бағытта қатынайды.

Алматыдағы жалға берілетін пәтер бағасы ең қымбат аудан – Медеу ауданы. Тауға жақын орналасқан аумақтағы тұрғын үйлер сапалы салынғандықтан және пәтердің ішкі дизайны, жиһахбен жабдықталуы жоғары деңгейде болғандықтан, сәйкесінше жалға беру бағасы да қымбат. Бұл ауданда 1 бөлмелі пәтер, орта есеппен 100 мыңға бағаланады.

А. Қажиев