Алматы қаласы өмір сапасы бойынша 208-орында

Алматы қаласы өмір сапасы бойынша 208-орында
Фото: Informburo.kz, numbeo.com

Қалалардың түрлі индексін жасап, зерттейтін Numbeo.com веб-сайтында өмір сапасы жоғары 227 қала анықталып, индекс жаңарды. Тізімге Қазақстаннан тек Алматы қаласы еніп, 208-орынды иеленген. 

©numbeo.com

Тізім мынадай индекстер негізінде жасалған:

– тұрғындардың сатып алу қабілеті;
– қауіпсіздік;
– денсаулық сақтау;
– тұрмыс құны;
– табыс пен жылжымайтын мүлік бағасынының ара қатынасы;
– көлік қозғалысы;
– ластану;
– климат индексі.

Аталған критерийлер бойынша әлемдегі өмір сапасы ең жоғары қала Канберра (Аустралия) екен. Одан кейін ондыққа Эйнховен (Нидерланд), Роли (АҚШ), Аделаида (Аустралия), Мадисон (АҚШ), Цюрих (Швейцария), Брисбен (Аустралия), Уеллингтон (Аустралия), Шарлотт (АҚШ), Оттава (Канада) қалалары енген. 

Алматы негізгі өмір сапасы индексінде 87.13 ұпайға ие болған. Ал өзге индекстер бойынша көрсеткіштер мынадай:

– тұрғындардың сатып алу қабілеті – 39.38 ұпай (196-орын); 
– қауіпсіздік – 27.62 ұпай (221-орын);
– денсаулық сақтау – 51.48 ұпай (211-орын);
– тұрмыс құны – 29.98 ұпай (206-орын);
– табыс пен жылжымайтын мүлік бағасынының ара қатынасы – 12.55 (155-орын);
– көлік қозғалысы – 31.24 (75-орын);
– ластану – 76.94 (198-орын);
– климат – 58.30 (202-орын).

 
Алматының табыс пен жылжымайтын мүлік бағасынының ара қатынасы және көлік қозғалысы индекстерінде көрсеткіштері салыстырмалы түрде жақсы, бірақ өзге критерийлер бойынша қаланың нәтижесі мәз емес. 
Massaget.kz