Алматы қаласы IBTM World Barcelona іскерлік туризм көрмесіне қатысты

Алматы қаласы IBTM World Barcelona іскерлік туризм көрмесіне қатысты
Фото: GetBg.net

“Алматы-2020” аталатын Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы мен 2023 жылға дейінгі туризм өндірісін дамыту тұжырымдамасы аясында шаһар осы саладағы ең беделді IBTM World Barcelona іс-шарасына алғаш рет қатысты.

Іс-шара осы жылдың 28-30 қараша күндері өтті және ол биыл өткізіліп отырған көлемді көрмелер сериясының соңғысы болды. Мұнда алғаш рет қаланың жеке стенді ұсынылды. Алматы атынан оны іскерлік туризмге арналған бағыт ретінде таныту үшін алдыңғы қатарлы туроператорлар, қонақ үйлер, демалыс орындары мен тау шаңғысы курорттары шықты.

Қазіргі кезде қаланың туризм басқармасы Алматы қаласын MICE-туризмнің орталығы ретінде дамыту бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруда. Осы орайда IBTM World Barcelona іс-шарасына қатысу үлкен экономикалық маңызға ие.

2016 жылы Алматыда бизнес және кәсіптік мақсаттарға 567 992 резидент және бейрезиденттер қызмет көрсетті. Тек 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (262 822 адам) бизнес-туристер саны 19%-ға (315 006 адамға) көбейді. Бұл көрсеткіш айтарлықтай оң нәтижелі өсімді көрсетіп отыр.

«Алматы қаласының туризм және сыртқы қатынастар департаменті биылғы көрмеге алғаш рет барып, павильоннің орталық бөлігінде өз стендін табысты көрсеткені үшін қуаныштымыз. Алматының өкілдері мен көрмеге қатысушылар арасында іскерлік кездесулер саны 100-ден асып, қалаға MICE туристік мекені ретінде үлкен қызығушылық тудырады. Біз табысты ынтымақтастықты жалғастыруға бел байлап отырмыз»,– дейді IBTM шарасының портфолио-директоры Керри Принс.

IBTM World Barcelona (1988 жылдан бастап) жыл сайын әлемнің 100 елінен 3000 қатысушы және 8000 (олардың 4000-нан астамы кәсіпқойлар) келушіні бір жерге тоғыстырып келеді. Көрменің негізгі мақсаты – осы саладағы ең үздік мамандардың қолдауымен бизнесті насихаттау үшін байланыс орнату. Бұл дәстүрлі конференцияларды, семинарларды және іскерлік кездесулерді, корпоративтік туризмді және арнайы іс-шараларды ұйымдастырушы жетекші туристік форум.

Шара қатысушылары авиакомпаниялар өкілдері, автокөлік жалдау компаниялары, іс-шараларды және конференцияларды ұйымдастырады. IBTM World Barcelona шарасына келушілер –  іскерлік сапарлар, кездесулер мен конференциялар өткізуші компаниялардың өкілдері.

2017 жылға дейін Алматы қаласы халықаралық көрмелерге Қазақстан делегациясының құрамында ғана қатысып келді. Ал, биылғы жылдан бастап оның жеке стенді қойылды. Бұл елге Алматы қаласы брендінің танымалдығын арттыру және оны жеке туристік бағыт ретінде (тағайындау) насихаттауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бұл тәжірибе Алматы туризм индустриясының ойыншыларына өз қызметтерін халықаралық нарықта таныстыруға көмектеседі.

Алматы қаласының 2017 жылы халықаралық көрмелерге қатысуы:

1) 10-шы Тегеран халықаралық туристік көрмесі - 6-9 ақпан, Тегеран (Иран)
2) SATTE - 14-18 ақпан, Дели (Үндістан)
3) TTF OTM - 21-23 ақпан, Мумбай (Үндістан)
4) ITB Asia - 25 -27, Сингапур
5) WTM London - 6-8 қараша, Лондон (Ұлыбритания)
6) IBTM Barcelona - 28-30 қараша, Барселона (Испания)

Алматы қаласының IBTM World Barcelona іскерлік туризм көрмесіне қатысуы "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі туристік саласын дамыту тұжырымдамасының" жүзеге асырылуы жолындағы бағындырған тағы бір шың болды.

А. Оралқызы