СТВ арнасынан қазақ халқының бесігі атанған Ұлытаудағы экспедиция туралы фильм көрсетіледі

СТВ арнасынан қазақ халқының бесігі атанған Ұлытаудағы экспедиция туралы фильм көрсетіледі
Фото: massaget.kz

СТВ арнасынан Қазақ ұлттық географиялық қоғамының (ҚҰГҚ) Қарағанды облысындағы Ұлытауға жасаған экспедициясы туралы деректі фильм көрсетіледі. Фильм 11 мамыр күні сағат 20.00-де басталады. Экспедиция "Беймәлім Қазақстан" жобасының аясында болды, деп хабарлайды Tengrinews тілшісі.

Ұлытау экспедициясы 2014 жылдың 11 тамызында басталды. Оның қатысушылары, соның ішінде "Алаш Медиа Групп" медиахолдингінің тілшілері тарихи орындар мен аудандарды аралады. Деректі фильмде аймақтың табиғаты көрсетіледі. Зерттеушілер өңірге қатысты қызықты деректерді айтады.

Зерттеушілер тарихи ескерткіштерге толы аймақта ұлттық саябақ құруды мақсат етті. Жергілікті елді мекендердің географиясы мен экономикасы туралы ақпарат жинақталды.

Экспедиция қатысушылары Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы тарихи орындардың тізімін жасады. Туристерге арналып жасалған картада аурухана, полиция учаскесі, асханалар мен анықтама орталықтары көрсетілген. Келешекте мамандар картаны жетілдіруді жоспарлап отыр. Онда тарихи жерлерге жетудің төте жолдары көрсетіледі.

Ұқсас жазбалар: 

"Ұлытау" экспедициясы Әулиетау шыңын бағындырды

"Ұлытау" экспедициясы жаңа туристік нысандарды іздеп жатыр

Ж. Өрісбай