Ғалымдар ең жылдам өсетін қара құрдымды тапты

Ғалымдар ең жылдам өсетін қара құрдымды тапты
Фото: iStock

Ғалымдар ең жылдам өсетін қара құрдымды тапты. Бұл туралы Phys.org жазды.

Аустралия ұлттық университетінің (ANU) астрономдары қара құрдымның массасы үш миллиард Күн массасына тең екенін анықтады. Ал осыған ұқсас басқа құрдымдар миллиардтаған жылдар бұрын өсуін тоқтатқан.

Жетекші зерттеуші доктор Кристофер Онкен және оның әріптестері бұл құбылысты «шөптен күтпеген жерден табылған өте үлкен ине» деп сипаттады.

"Астрономдар 50 жыл бойы осыған ұқсас нысандарды іздеп жүр. Олар мыңдаған қара нысандарды тапты, бірақ бұл құрдым қара емес ақ, өзінен жарық шашып тұр.  Сондықтан оны байқамаған. Енді бұл жағдайдың неге басқаша екенін білгіміз келеді. Апат болды ма» - дейді Онкен.

Ғалымдардың пікірінше, қара құрдым секунд сайын бір Жердің эквивалентін тұтынады және біздің галактикадан түсетін барлық жарықтан 7000 есе артық жарқырайды, бұл оны қарапайым телескоптарға да көруге мүмкіндік береді.

"Осындай тағы бір қара құрдым табатынымызға сенбеймін. Бұл рекордтың жаңармайтынына сенімдіміз. Ғарышта мұндай заттар жасырынатын орын қалмады ", - дейді зерттеуші, доцент Кристиан Вольф.

SMSS J114447.77-430859.3 (J1144) жаңа қара құрдымнан шыққан жарық Жерге жету үшін 7 миллиард жыл қажет болған.

Бұған дейін ғалымдар Құс жолының орталығындағы қара құрдымның алғашқы суретін түсірген болатын.

Т. Раушанұлы