Соңғы зерттеу: Мамонттар Жер бетінен қалай жойылды?

Соңғы зерттеу: Мамонттар Жер бетінен қалай жойылды?

Ұзақ уақыт бойы ғалымдар мамонттардың жойылып кетуіне адамдарды  кінәлады. Адамдар шамамен 12 мың жыл бұрын  найзамен аң аулауды үйренді, бұл мамонттардың жойылып кетуіне себеп болды деп есептелді. Ал, адам аяғы тимеген Арктика аралдарындағы жануарлар басқа жануарларға қарағанда ұзағырақ өмір сүрді. Олар шамамен 4000 жыл бұрын Жер бетінен жойылып кетті. 

Бірақ жақында  Кембридж, Копенгаген университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, сондай-ақ кейбір басқа да ғылыми орталықтардың мамандары Арктикадан кейінгі 20 жылда табылған мамонттардың ДНҚ-сын зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, арнайы бір қорытындыға келді.

Ежелгі заманда жан-жануарлар неліктен үлкен болған?

Зерттеу кезінде мамонттардың жойылып кетуіне адамдар емес, климаттық өзгерістер себеп болғаны анықталды. Бұл туралы барлық мәліметтер Nature журналында жарияланды.


Климаттың жылдам жылынуы мамонттардың жаппай жойылуына себеп болған

Мамонттар қайда және қалай өмір сүрді?

“Мамонттардың дәуірі” шамамен бес миллион жылға созылған. Бұл алып жануарлар осы уақыт аралығында бірнеше мұз дәуірі мен климаттық жылыну кезеңдерін бастан өткерген. Жоғарыда жазғанымыздай, пілдердің ежелгі ата-бабалары шамамен 12 мың жыл бұрын осындай проблемаларды бастан кешіре бастады. Бәлкім, адамдар да олардың санын азайтуға үлес қосқан шығар. Себебі, бұл жануарлар еті сол кезде танымал тағам деп есептеледі. Одан бөлек, адамдар олардың қаңқаларын үй тұрғызу, гарпун, және басқа да бұйымдар жасау үшін пайдаланды.

Ғалымдар: жаһандық жылынудың алдын алу үшін жасанды қыс қажет

Мамонттардың жойылуы өте тез уақытта болды деп есептелді. Алайда, топырақтан табылған ДНҚ-ны зерттеу мамонттардың популяциясы азая бастаған сәттен бастап айтарлықтай ұзақ өмір сүргенін көрсетті. Мысалы, Мысыр пирамидалары салынған кезде мамонттар Арктикада әлі болған.

Мамонттар Жер бетінен қалай жойылды?

Мұз дәуірінде Жер бетіндегі мамонттарға арналған азық-түлік жылы күнге қарағанда көбірек болды.

Климаттың өзгеруі адамдар мамонтты аулаудан да қауіпті болған

Сонымен, ғалымдар мамонттардың бірден жойылып кетпегенін анықтады. Бірақ олардың өліміне не себеп болды деген сұрақ әлі де дау тудырып келеді. Мұны анықтау үшін ғалымдар жануарлардың ғана емес, сол кезде өскен өсімдіктердің де ДНҚ-сын зерттеген. Белгілі болғандай, мамонттардың өліміне тек климаттың өзгеруі ғана емес, сонымен бірге оның жылдамдығы да себеп болған. Жануарлар табиғат тез өзгеріп жатқан және азық-түлік жеткіліксіз болған жағдайларға бейімделе алмаған.

Жаһандық жылынудан ағаштар емес, киттер құтқарады

Климат жылынған сайын ылғалдылық қатты арта бастады, жауын-шашын мөлшері өсті, бұл өсімдіктерге әсер етті. Нәтижесінде, ауа райының жылынуы салдарынан мамонттарға арналған азық мөлшері азайды. Егер бұрын олар күн суық кезде қарды азуымен ашып, шөптер мен бұталарды жесе, ылғалдылықтың жоғарылауымен өзендер, көлдер мен батпақтар пайда болды. Бұрынғы жайылымдарды батпақ басып қалды. Нәтижесінде өсімдіктер мамонттардың үлкен табындарын тамақпен қамтамасыз ете алмады.

Мамонттарды аулау біз айтқандай  ауқымды болмаған болуы мүмкін

Мамонттардың жойылуына адамдардың әсері болды деген қорытынды өте даулы. Ғалымдардың пікірінше, ежелгі заманда аулауға әлдеқайда оңай болатын көптеген ұсақ жануарлар болған. Мамонттар қауіпті және өте үлкен жануарлар еді. Олардың биіктігі екі қабатты автобустың биіктігіне жететін. Сондықтан "мамонттарды адамдар жаппай аулап, Жер бетінен жойып жіберді" деген идея шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін.

Ғалымдар мамонттарды 6 жылдан кейін қайта тірілтуді жоспарлап отыр

Мамонттардың жойылу себебін анықтаған ғалымдар 100 жылға созылған дауға осылай нүкте қойды. Қазір, біз жаңа апаттың – жаһандық жылынудың алдында тұрмыз. Парадокс мынада, кейбір ғалымдар климаттың өзгеруін тоқтату үшін мамонттарды қайта тірілткісі келеді. Олардың пікірінше, Арктикадағы бұл жануарлардың табындары парниктік газдардың бірі – топырақтан шығатын метан газын бәсеңдетеді.

Т. Раушанұлы