29 қарашада Жерге құны 17,4 миллиард долларлық астероид жақындайды

29 қарашада Жерге құны 17,4 миллиард долларлық астероид жақындайды
Фото: indicator.ru

29 қарашада Жерге қауіп төндіруі мүмкін, көлемі 370 метрден 820 метрге дейін жететін астероид планетамыздан 4 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтеді.

153201 (2000 WO107) астероиды 29 қарашада планетаға жақындайды, деп хабарлаған NASA орбиталық заттарды зерттеу орталығының сайты. Осы уақытта оның Жермен арақашықтығы 4 миллион шақырым болады. Бұл Ай мен Жер арасындағы қашықтықтан 10 есе артық. Астероид қауіпті объект саналады, себебі ол Жер орбитасын кесіп өтеді.

Астроидқа спектрлі талдау жасалғаннан кейін оның құрамынан никель, темір және кобальт анықталды. Спектрлі талдау мен өлшеуге негізделген астероидтардағы минералдардың құнын бағалайтын Asterank мәліметтер базасына сәйкес 153201 астероидындағы минералдардың жалпы құны – 17,4 миллиард доллар.

Бұған дейін кішігірім астероид Жерге рекордтық жақын қашықтықта ұшып өткені хабарланған болатын. 2020 жылы 13 қарашада VT4 астероиды Жерден небәрі 373 км қашықтықта ұшып өтті.

Т. Раушанұлы